Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

К4 экологиялық класты автобензиннің бірінші партиясы Павлодар мұнай-химия зауытынан 10 қарашада шығады

07.11.2017

Бұл жөнінде «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Бас директоры Данбай Шухрат ҚР Энергетика министрлігінде өткен МӨЗ-ді жаңғырту және ЖЖМ нарығындағы жағдай мәселелері бойынша өткен жиналыста атап өтті. Оның ақпараты бойынша зауытта күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін 26 қазанда мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы іске қосылды. 30 қазаннан бастап каталитикалық риформинг қондырғысы режимге шықты, ол 1-2 қарашада тәулігіне 1200 тонна көлемінде К2 класты жоғары октанды бензинді өңдеуді реттеуге мүмкіндік берді. Ал 3 қарашадан бастап өңдеу тәулігіне 2500 тонна болды. Жаңғырту жобасының шеңберінде  салынған каталитикалық крекинг қондырғысы іске қосылумен тәулігіне 4200 тоннаға дейінгі көлемде К4 экологиялық класты жоғары октанды бензиннің бірінші партиясы өндіріліп, тиелетін болады. ПМХЗ-да 2018 жылы  К4 және К5 экологиялық класты жоғары октанды бензин өндірісі ПМХЗ-ға 5,1 млн. тонна мұнай берілген кезде барлығы 3,2 млн. тонна болады.

Атырау МӨЗ-де  2018 жылы  К4 және К5 экологиялық класты жоғары октанды бензин өндірісі 1,8 млн. тоннаға дейін жетеді. Мұндай ақпаратты «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантұрлин ұсынды. Оның айтуынша, зауыттың жаңғырту жобасы 2017 жылғы желтоқсанның екінші жартысында аяқталады.

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы 2018 жылғы қыркүйекте Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы аяқталады деп хабарлады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млн. тонна бензин шығару жоспарланып отыр. Зауыттың жаңа қондырғыларының жұмысын ескергенде, 2019 жылдың ішінде 2 млн. 270 мың тонна К4 және К5 класты   автобензин алу жоспарланған.

Жалпы үш зауытты жаңғырту аяқталғаннан кейін мұнай өңдеу қуаты жылына 14,5 млн. тоннадан 16,5 млн. тоннаға, автобензин өндірісі 2 млн. 353 мың тоннаға, дизель отыны 917 мың тонна, авиакеросин – 539 мың тоннаға дейін артады деп күтілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>