Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісіндегі ЖЖМ жағдайы туралы

17.10.2017

«Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ларында отынды жеткізу қатаң бақылауда» деп атап өтті Астана қаласындағы баспасөзге арналған брифингте «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тасанбаев. 

«Егер өткен аптаның басында мұнай өнімдері тек үш облыста ғана еркін сатылса, бүгінгі күні республиканың сегіз өңірінде отын еркін сатылуда, алты өңірде қорлар бар, бұл отынды 20 литрге дейінгі көлемде еркін түрде өткізуге мүмкіндік береді және екі облыста өткізу карта бойынша жүзеге асырылуда және жағдай «қол режимімен» реттелуде», -  деп атап өтті ол.

Астанадағы «ҚазМұнайГаз» барлық ЖМҚС-ларында АИ-92 бензинінің 2000-нан астам тонна бензинінің қалдығы еркін түрде өткізілуде. Сонымен қатар қалаға 2 мыңнан астам тонна бензин импортталды, тағы шамамен 800 тоннасы жолда.

Жалпы алғанда, өңірлердегі «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі бойынша шамамен 12 мың тонна АИ-92 маркалы бензині жолда екендігін және өңірлерге осы мұнай өнімдері келіп түсуіне қарай өткізу еркін режимге ауыстырылатындығын атап өтті спикер

Бұдан басқа қазіргі уақытта қазақстандық МӨЗ-дердің бірі жөндеуге тоқтағандығын және импортпен қамтамасыз ету талап етілетіндігін ескере отырып, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС шамамен 45 мың тонна ресей бензиніне  келісімшарт жасасты, оның негізгі көлемі осы аптада тиеп-жөнелтіледі деп атап өтті Тасанбаев.

АИ-92 маркалы бензинінің құнына байланысты «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС басқарушы директоры: «Қазіргі уақытта баға 157 теңгені құрайды, бұл баға ресей бензині партиясының келіп түскендігін ескерсек, орташа өлшемді баға болып табылады. Біз күнделікті мониторинг жасаймыз және қазақстандық МӨЗ-дерден, сондай-ақ импорттық отын партиясының келіп түсуіне байланысты түзету енгізіп отыратын боламыз».

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>