Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев Шымкент мұнай өңдеу зауытымен танысты

29.09.2017

Шымкент МӨЗ жаңғырту аяқталғаннан кейін авиаотынды өндіру көлемі 1,5 есеге, жоғары октанды бензиндерді өндіру көлемі 3 еседен асаға ұлғаяды

 ҚР Премьер-министрі  Б. Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында     «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС болып, «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құрастыру»  жобасының 1-Кезеңінің әрекеттегі объектілерімен және 2-Кезең жұмыстарының барысымен танысты.   

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі Аға Вице-президенті ҚР Премьер-министріне 2-Кезең аясында  қуаты жылына 2,0 млн. тонна болатын мазутты және  вакуумдық газойлды өңдеуге арналған  RFCC каталитикалық крекинг кешеніндегі жұмыс барысы  туралы баяндады. 

Ағымдағы жылдың маусымынан бастап Шымкент МӨЗ Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптары бойынша К-4, К-5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензинді шығаратындығын естеріңізге  саламыз. 2017 жылдың шілдесі мен тамызында  зауыт 197 904 тонна жоғары октанды бензинді өндірді.

Нәтижесінде, 2018 жылғы қыркүйекте 2-Кезең аяқталғаннан кейін зауыттың мұнай өңдеу көлемі жылына 6млн. тоннаға дейін көбейетін және өңдеу тереңдігі ұлғаятын болады. Жоғары октанды бензинді өндіру көлемі  жылына 652ден 2 270 мың  тоннаға дейін, дизель отыны –1 192ден 1 916 мың тоннаға дейін, авиаотын –  254тен 400 мың тоннаға дейін өседі.  Зауытта жоғары октанды автобензиндерді өндіру үлесі 100% құрайтын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>