Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ: болашақ – кәсіби біліктілерде

22.09.2017

2017 жылы 22 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» АҚ-да (бұдан әрі - ҚМГ) компанияда іске асырылып жатқан Job Matching адами ресурстарды басқару саласындағы жобаға және жаңа операциялық модельге көшуге арналған ақпараттық сессия өтті.

Аталған шараны ҚМГ HR-блогы трансформация барысында ұйымдық құрылымда болып жатқан өзгерістер туралы компания қызметкерлерін хабардар ету, Job Matching HR-жобасының мазмұнын түсіндіру мақсатында ұйымдастырды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев және адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президент Серік Әбденов кездесуге қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

2014 жылдың қазан айында ҚМГ-да бизнес-үдерістерді оңтайландыруды және Компанияның операциялық  қызметін  орталықтан басқаруға, өндірістік еншілес және тәуелсіз ұйымдарды тікелей басқаруға көшуді көздейтін трансформация бағдарламасын іске асыру басталды. ҚМГ компаниялар тобы жаңа міндеттерді шешуде – ІРО-ға шығуға дайындалуда, адами ресурстарды басқарудың жаңа моделін енгізеді, үдерістердің бөлігін (HR, ІТ, бухгалтерия, қазынашылық) Жалпы қызмет көрсету орталығына шығарады.  Компанияның нысаналы үдерістері мен лауазымдардың нысаналық функционалы жаңартылып, тиісінше, түрлі деңгейдегі лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының өзгеруіне әкеледі.  ҚМГ-ға енгізілетін адами ресурстарды басқарудың жаңа моделі функционалдың өзгеруіне байланысты бизнесті Компания талап ететін білікті кадрлармен қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Сауат Мыңбаев Job Matching маңызды екенін әрі заманға сай екенін атап өтті. Сонымен бірге жоба кез келген компанияның бәсекедегі негізгі артықшылығы  болып табылатын қажетті біліктілігі мен тәжірибесі бар, дағдылар мен білімін дамытқысы және білгісі келетін кәсіпқойлар штатының іргесін қалайтынын да атап өтті.

ҚМГ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президент Серік Әбденов аталған жобаның кейбір тұстарына да тоқталды. Басшының айтуы бойынша  компанияның кадр блогы бос орын лауазымдарына орналасуға арналған іріктеудің айқын да жүйелі рәсімі болып табылады.

Ағымдағы жылы Job Matching рәсімі құрылымдық бөлімшелер басшыларының корпоративтік функциялары, Тасымалдау, Қайта өңдеу және мұнай маркетингі дивизиондары;  Ішкі аудит қызметінің желілік қызметкерлері және «Өндіру және бұрғылау технологиясы»  ҒЗИ еншілес компаниясының басшылығы позициясында өтетін болады (113 позиция).

Жобаның алғашқы кезеңі – фнкционалдың жаңартылғаны және жаңа біліктілік талаптарын ескере отырып, лауазымдық нұсқаулықтарды  жазу. Екінші кезеңде әрбір лауазымды грейдирлеу (бағалау) өтеді, компанияның  жалпы ұйымдық құрылымында  оның «салмағы» анықталады,  жалақы шегінің мақсатты диапазоны айқындалады. Осы жұмыс түрлеріне PWC,  Корн Ферри/Хэй Групп жетекші халықаралық компаниялардың, сондай-ақ Қорда осыған ұқсас жобаны іске асыруда тәжірибесі бар «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің сарапшылары тартылады.

Лауазымдық нұсқаулықтарды және грейдтерді бекіткеннен кейін кандидаттарды іріктеу басталады. Серік Әбденов: «ең алдымен, жаңа біліктілік талаптарына сай келетін ішкі қызметкерлеріне көңіл бөлінетін болады», - деп атап өтті. Конкурстық негізде бірінші кезектегі тәртіппен компанияның кадр қызметі іріктеген және бірнеше жылдар бойы дамытқан лауазымда отырғандар, Бірыңғай кадр резервіндегі кандидаттар, сондай-ақ еншілес ұйымдардың болашағынан үміт күттіретін қызметкерлері қарастырылатын болады.

Серік Әбденов: «Егер конкурс ішкі кандидаттар бойынша жеткілікті санды шығармаса, не олардың кандидатураларынан конкурстық комиссиялар бас тартса, біз HR нарығында іздестіруді жүзеге асыратын боламыз», -  деп атап өтті.

Конкурстық іріктеуге қатысуға таңдап алынған кандидаттардың әрқайсысы жеке-іскерлік біліктілігінің деңгейін айқындау үшін тестілеуден өтеді, қысқаша уәжделген эссе жазады және соңғы үш жылдағы жеке жетістіктерінің тізбесін ұсынады. Конкурстық комиссиялардың құрамына ҚМГ-нің бейінді басшылығының өкілдері, сондай-ақ Самұрық-Қазына  қорының өкілдері енеді. Жаңа кандидат іздестіру қажеттігі жөніндегі шешім болған жағдайда тиісті ақпарат қалың жұртшылықтың назарына жеткізіледі.

Аталған  лауазымдар бойынша конкурстық комиссиялардың отырысын 2017 жылдың соңына дейін өткізу жоспарлануда, ал 2018 жылы осындай рәсімдер ҚМГ-нің корпоративтік орталығы мен еншілес компанияларының қалған позицияларына да қолданылатын болады.

Ақпараттық сессияның соңында пікір алмасылып, компания басшылығы жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>