Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

АМӨЗ-ді электр қуатымен қамтамасыз ету және KPI-дің кепілді сынаққа дайындығы бойынша кеңес өтті

29.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Атырау мұнай өңдеу зауытын электр қуатымен қамтамасыз ету және KPI газ-химия кешенінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Атырау МӨЗ басшылығы кәсіпорынды электр қуатымен жабдықтау сенімділігін арттыру және зауытты дербес энергия көзімен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мәселен, штаттан тыс жағдайларда жабдықтар жұмысының тоқтауын барынша азайту және газды мәжбүрлі түрде факелді қондырғыларға жіберу қаупін төмендету мақсатында газ турбиналы электр станциясын (ГТЭС) салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ГТЭС құрылысы жобасына қатысу үшін потенциалды инвесторлардың өтінімдері қаралып жатыр. Жоспар бойынша нысан 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Одан бөлек, электр қуаты сапасын жақсарту үшін АМӨЗ Атырау жылу электр орталығынан әуе электр желісін және қуаты 110/220 кВ аралық қосалқы станция салуды жоспарлап отыр. Жоба 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған.

2024 жылдың соңына дейін жоспар бойынша мұнайды терең өңдеу өндірісінде к-0101 компрессорлық жабдықтың тағы бір секциясы электр қуатымен жабдықталуы керек.

Кәсіпорын мамандары Д.Макеевке Атырау мұнай өңдеу зауытының алдын ала жоспарлы тексеру жұмыстарына дайындығын баяндады. Оған сәйкес материалдар мен жиынтық жабдықтар жеткізіліп, құрылысқа арналған стенд орнатылды, құбыр бөлшектері дайын, сондай-ақ ірі торапты құрастыру жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, Д.Макеев Атырау облысына сапары барысында полипропилен өндіретін «KPI Inc.» ЖШС газ-химия кешенінің басшылығымен кеңес өткізді. Ол жоспарлы жөндеу аяқталғаннан кейін кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Қатысушылар кепілдік сынақтарын өткізу кестесін, 2023 жылға арналған өндірістік жоспардың орындалуын және кешеннің жобада көрсетілген қуатқа шығуын талқылады.

Естеріңізге сала кетсек, KPI газ-химия кешені 20 қыркүйектен бастап қалыпты жұмыс режиміне шықты. Жоспарлы жөндеуден кейін полипропилен өндірісі қайта іске қосылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>