Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» цифрлық технологиялар көрмесінде цифрлық кен орны жобасын ұсынды

13.09.2017

13 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекет басшысының қатысуымен Республикалық цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңестің шеңберінде ұйымдастырған цифрлық технологиялар көрмесінде цифрлық кен орны жобасын ұсынды.

Цифрлық кен орны жобасы 2015 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-тың УАЗ кен орнында енгізілді. Бұл бөлек-бөлек жүйелерді бірыңғай интеграцияланған ақпаратты жүйеге кіріктіру есебінен оның барынша тиімділікке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін мұнай-газ кәсіпшілігін автоматтандырылған басқару жүйесі.

«Кен орнындағы жабдықтың жүйесі (жерасты және жерүсті) басқару станциясымен реттеледі, ақпарат өзекті үздіксіз режимде беріледі. Арнайы әзірленген және енгізілген бағдарламалық өнім осы ақпаратты өңдейді және: кен орнындағы өндіру операторынан ұлттық компанияға дейін әртүрлі деңгейлерге береді» – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.

Іске асырыла бастағаннан кейін жоба мұнай өндірудің қосымша өсімін қамтамасыз етуге, ұңғыма жұмысының қалпына келу уақытын азайтуға, энергия тиімділігін 20% астамға арттыруға, ұңғыманы жөндеуге арналған үлестік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кен орнын техникалық игеруді қазақстандық мамандар жүзеге асырды.

2017 жылы ҚМГ Өзен, Қаражанбас, Ақшабұлақ, Прорва кен орындары тобы тәрізді «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 14 кен орнында жобаның табысты тәжірибесін енгізуді жалғастырды. Жобаның іске асырылуынан болжамдық экономикалық пайда 30 млрд. теңгеге бағаланады. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>