Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының кезекті отырысы Астанада өтті

07.09.2017

Бүгін Астанада Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының отырысы өтті. Кездесу барысында Қазақстан, Беларусь, Венгрия, Қытай, Ресей, Словакия, Украина және Чехия сынды ірі мұнай тасымалдау компанияларының басшылары экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен ұйымның 2018 жылға арналған шаралар жоспарын өзара келісті.

Тараптар жарық көздерінің тиімділігі, заңнамалық сұрақтар, мұнай жеткізілімі аясында МТХА-ның тұрақты эксперттік топтарының қызметін, биыл Чехия, Словакия, Венгрия және Қытай мамандары бірінші рет қатысқан «Үздік маман-2017» конкурсының нәтижесін саралады. Сондай-ақ, «Транснефть» ЖАҚ II Халықаралық ғылыми-техникалық жастар конференциясының дайындығымен бірге басқа да мәселелерді ортаға салды.

МТХА-ның ашылу рәсімінде  «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов ұйымның кезекті отырысын Астанада өткізу қазақстандық компания үшін маңызды оқиға болып саналатынын баса айтты. 

Біз 2017 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ құрылғанының 20 жылдығын атап өтудеміз, - деп Димаш Досанов отырыс барысында хабарлады. – Қазақстандық мұнайқұбыршылар үшін мерейлі жылы ассоциация мүшелерін қабылдау жоғары мәртебе. Сондай-ақ, шара халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесімен дәлме-дәл келді. Осы кездесу мемлекеттеріміздің экономикалық тұрарақтылығын нығайтуына септігін тигізеді деп сенемін.

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов, «МЕРО ЧР» бас директоры - МТХА төрағасы Станислав Бруна, «Транснефть» ЖАҚ президенті – МТХА төраға орынбасары Николай Токарев  Астанадағы кездесу Еуропа және Азияның магистральды мұнай құбырларының интеграциялау идеясының жүзеге асуына тәжірибе жүзінде ықпал етеді деген ой білдірді.

Анықтама:

Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясы 2013 жылы құрылды. МТХА қатысушы-компаниялардың мұнай құбыры жүйелерін тиімді дамытуға ортақтасып, халықаралық мұнай тасымалының тұрақтылығын нығайту үшін жасақталды. МТХА қызметі барысында еуроазиялық кеңістікте мұнай тасымалымен байланысты стратегиялық жоспарды әзірлеп, мұнайды сақтау, мұнайқұбырларын пайдалану, диагностика, тарифтің құрылу мәселелері талқыланады.  МТХА  құрылтайшысы «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия) сауда компаниясы болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап МТХА-ның мүшесі болып саналады. Бүгінгі күні МТХА 8 ұйым кіреді: «ҚазТрансОйл» АҚ (Қазақстан), «Транснефть» ЖАҚ (Ресей), «Транспетрол» АҚ (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Беларусь), «МЕРО ЧР» (Чехия), «MOЛ Венгрия» АҚ (Венгрия), «CNPC» (Қытай), «Укртранснафта» ЖАҚ (Украина).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>