Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасы ресми түрде жабылды

29.08.2017

Спорттық шараның жабылуы және жарыстарға қатысушыларды насихаттау салтанатты жағдайда жүргізілді.

«Сіздер баршаға үш күндік мереке сыйладыңыздар, сіздер «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің қандай болатынын көрсете білдіңіздер. Ең бастысы, ұжымдарды жақындастырып, қарым-қатынасын, байланысын нығайтсақ деген ниетіміз ақталды. Ойындар кезінде барлық спорт алаңдарында достық пен әріптестік рухы салтанат құрды» деп атап көрсетті ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті Серік Әбденов.

Мұнайгаз кешені қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасы Сұлтан Қалиев кейбір спортшыларға кәсіподақтың арнаулы сыйлықтарын тапсырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табыс етілді.

Айта кету керек, бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК Екінші Спартакиадасы мұнайгаз кешені қызметкерлері күні құрметіне арналды. Спорттық бәсекелерге «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 30 ұйымынан 300 спортшы қатысты.

Спортшылар үш күн бойы спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол,  үстел теннисі, жүзу, шахмат және армрестлинг 7 түрінен жарысқа түсті.

Спартакиада тартысты бәсекелер мен достық ахуалда өтті. Өйткені, мұндай шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, командалық рух пен қызметкерлердің ынтымағын нығайта түседі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>