Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару рейтингі 2011 жылғы 59,9%-тен2013 жылы 71,7%-ке өсті

29.04.2014

«Самұрық-Қазына» АҚ бес еншілес ұйымында жүргізілген корпоративтік басқаруға тәуелсіз диагностика нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  корпоративтік басқару деңгейі 2013 жылы 71,7 % құрады. Бұл баға олардың сапалық мәндері ескеріліп: құрылым – 69,2%, процесстер - 64,9%, ашықтық – 80,5% «Құрылым», «Процестер», «Аышқтық»  деген үш құрамдас бөліктің өзара іс-қимылы есебінен алынды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару диагностикасын «Pricewaterhouse Coopers ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында корпоративтік басқаруға диагностика жүргізу әдістемесіне сәйкес осы жылдың маусымынан бастап қыркүйегін қоса алғандағы кезеңге жүргізді.  «Pricewaterhouse Coopers» ЖШС мамандары 2012 жылғы және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы оқиғаларды зерттеді, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің, Басқармасының мүшелерімен және тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен 20 сұхбат жүргізілді, 950 құжат қаралды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару диагностикасының қорытындылары бойынша келесі негізгі оң сәттер аталып өтілді:

- Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін күшейту. Директорлар кеңесінің отырысы тұрақты және негізінен барлық мүшелерінің белсенді қатысуымен іштей нысанда жүргізіліп отырады. Маңызды шешімдерді қабылдау кезінде Директорлар кеңесі рөлінің күшеюі және маңызды мәселелерді талқылауға тәуелсіз директорларды тарту;

- Директорлар кеңесінің жанындағы Комитеттердің белсенді жұмысы, Комитеттерде барлық мәселелерді алдын ала және егжей-тегжейлі талқылау. Тәуелсіз директорлар атқарушы басшыларға күрделі сұрақтарды жиі қояды;

- Ішкі аудит қызметінің (ІАҚ) тиімділігі жоғары орталықтандырылған жұмысы. ІАҚ тікелей Аудит жөніндегі комитет төрағасы, тәуелсіз директорға бағынады және Директорлар кеңесі үшін бірқатар маңызды мәселелер бойынша жұмыс істейді;

- Басшы қызметкерлер сыйақысының құрылымы ашық, ішкі құжаттарда ресімделген және компания қызметінің нәтижелеріне ішінара тәуелді;

 - Компания көпшілікке қызметтің негізгі көрсеткіштерін қоса алғанда озық практикада көзделген өз қызметі туралы елеулі ақпаратты ашады;

-  Корпоративтік құрылымды оңайлату және бірқатар еншілес кәсіпорындарды АҚ нысанынан ЖШС нысанына қайта тіркеу жөнінде бірқатар шараларды іске асырды.

 «Pricewaterhouse Coopers» ЖШС ұсынымдары, корпоративтік басқару диагностикасының барысы туралы деректер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2014-2015 жылдарға арналған корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрініс табатын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>