Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС – трансформация бағдарламасын жүзеге асырудың табысты тәжірибесі

29.08.2017

28 тамызда Ақтөбе қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (әрі қарай – ҚМГ) кен орындарында заманауи технологияларды дамыту және енгізу тақырыбы бойынша көшпелі жиналыс өтті. Іс-шараға ҚМГ, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» (ӨБТ ҒЗИ) ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ЖШС басшылығы мен мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиналыста «Қазақтүрікмұнай» ЖШС кен орындарында ұтымды геологиялық-техникалық іс-шараларды енгізу» жобасын жүзеге асырудың табысты тәжірибелері талқыланды. Бұл жоба ҚМГ тарапынан ӨБТ ҒЗИ және ҚТМ-мен бірге трансформация бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылдың сәуір айында дайындалып, өндіріске енгізілген еді. ҚТМ кен орындарын оңтайландыру «Тез қол жеткізетін жеңістер» деп аталатын бастамалар кешенінің бір бөлігі болып табылады. Барлығы 61 өзін-өзі тез ақтайтын жобаны қамтитын бұл кешеннің ішінде ҚМГ-нің өндірістік саласында жүзеге асырылып жатқан 30 жоба бар. Бұл жобалар жедел түрде шешім қабылдауды қажет етеді, олар қысқа бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, өзін-өзі өте тез ақтайды. Оны адамдардың түсінуі де тез, сонымен қатар персоналға мотивация береді. Сондықтан осы бір табысты тәжірибені басқа ұйымдарда жүзеге асыру да оңай.

Сондай жобалардың бірі – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС. Мамандар мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатында ұтымды геологиялық-техникалық іс-шараларды қолдану жөніндегі іс-шаралар кешенін дайындады. Жүзеге асырылған іс-шаралардың нәтижесінде мұнай өндіру көлемі бастапқы жоспармен салыстырғанда 30 пайызға, яғни 244,9 мың тоннадан 292 мың тоннаға дейін көтерілді. Аталған геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру үшін 2016 жылы барлығы 1 354,5 млн. теңге шығын жұмсалды. Жоба 5 айдың ішінде өзін-өзі ақтады. 2016 жылы қосымша өндірілген мұнай көлемінің есебінен 2,1 млрд. теңге қосымша қаржы ағыны келіп түсті. Сонымен қатар заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында мұнай өндіру көлемін арттыруды 5 жыл бойына ұстап тұруға, жалғастыруға мүмкіндік береді.

«Бұл жоғарыда атап өтілген барлық параметрлерге толықтай сәйкес келетін біздің ең табысты жобаларымыздың бірі. Біз керемет нәтижелерге қол жеткіздік және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның тәжірибесін компаниямыздың басқа да активтерінде өндіріске енгізудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Алайда, бірден айта кетейін, азырақ өлшемдегі сандары бар активтерімізде пайдаланамыз», - деп атап өтті өз баяндамасында барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президент Олег Карпушин.

Жиналыста «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мен «Урихтау Оперейтинг» ЖШС-ның өндірістік жұмыстары мен техникалық жағдайы, сондай-ақ трансформация бағдарламасының «Барлау және өндіру» деп аталатын бизнес-бағытының енгізілуі және жүзеге асырылуы туралы ақпараттар берілді.

«Кейбір кен орындарында негізгі өндіріс көлемінің жоғарғы мөлшерде құлдырауы байқалып отырған осы кезеңде мұндай іс-шаралардың жасалуы, өзара тәжірибе алмасу және мәселелерді талқылау аса маңызды және көкейтесті. Заманауи технологиялардың сауатты түрде қолданылуы, тиімді менеджменттің жүргізілуі, сонымен қатар ҚазМұнайгаз мен ӨБТ ҒЗИ тарапынан қолдаудың көрсетілуі туындап отырған мәселелерді өте аз шығынмен шешуімізге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деде «Урихтау Оперейтинг» ЖШС-ның бас директоры Абдуахит Абишев.

Анықтама: «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутегілерін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға, 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы. 1993 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауларын қорғау министрлігі мен Түркияның Ұлттық Мұнай Компаниясының арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы құрылтайшы келісімшартына қол қойылды. Сол жылдың ақпан айында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны тіркеуге алынды. 1997 жылдан бастап кәсіпорынның Қазақстан жағынан құрылтайшысы болып «Қазақойл» компаниясы белгіленді, бүгінгі күні – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ. Компания 6 кен орнын игеріп жатыр: Ақтөбе облысында Оңтүстік Қаратөбе мен Лақтыбай, Маңғыстау облысында Батыс Елемес, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс және Солтүстік-Шығыс Сазтөбе кен орындары. Кәсіпорынның мұнай өндіру қорына барлығы 45 ұңғыма кірсе, оның ішінде 34 ұңғыма жұмыс жасап тұр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>