Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті

27.08.2017

2017 жылғы 27-29 тамыз күндері көрікті жер – Ақмола облысының Зеренді ауылындағы «Сұңқар» сауықтыру кешені аумағында мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне өткізілетін «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК компаниялар тобы Екінші Спартакиадасының ақтық бәсекелері өтеді.

Спартакиада спорттың 7 түрі бойынша өтеді, оның ішінде шағын футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, жүзу, армреслинг, үстел теннисі. Спорт алаңдарына ҚМГ компаниялар тобының 30 ұйымынан 300 қатысушы шығады.

Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен денешынықтыруға адамдарды тарту, еншілес ұйымдар қызметкерлері арасында коммуникациялық байланыс орнату мақсатында ҚМГ былтырдан бастап еншілес ұйымдардың қатысуымен екі кезеңді Спартакиада өткізуге шешім қабылдады.

Сондықтан да Спартакиаданың биылғы ақтық бәсекесіне 7 топтың Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары жиналды. Іріктеу ойындарына жалпы саны 2 500 адам болатын ҚМГ-нің Барлау-өндіру, Мұнай тасымалдау және газ маркетингі, Мұнай өңдеу және маркетинг, Мұнайсервис, Бұрғылау және сервистік  жобалар бизнес бағыттары бойынша 50-ге жуық ұйым қатысты.

 «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев жарысқа қатысушыларға арнаған сөзінде былай деп атап көрсетті: «Спорттық шаралар «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өміріне баяғыдан берік орныққан. Спортпен белсенді түрде айналысатын ҚМГ-ның жиырма мыңнан астам жұмысшысы арасында жоғары деңгейдегі спор шеберлері мен спорт шеберлігіне кандидаттар аз емес.Көптеген еншілес компанияларда жыл сайынғы спартакиадалар өткізіліп жүр. Мұндай корпоративті шараларды қолдау - ҚМГ басшылығының принципті ұстанымы».

Спартакиаданың толық бағдарламасы мен спорттық бәсекелердің барлық түрі бойынша аралық нәтижелерді онлайн режимінде «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК» сайтынан www.kmg.kz/spartakiada, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ҚМГ парақшасынан көріп, танысуға болады.

Спорттық сайыстар тартысты өтпекші! Спортсүйер қауымды осы шараларға қатысуға және «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының бірлескен Екінші Спартакиадасына қатысушыларды қолдауға шақырамыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>