Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз»: спортшыларымызға жанкүйер боламыз!

25.08.2017

2017 жылғы 27-29 тамыз күндері көрікті жер – Ақмола облысының Зеренді ауылындағы «Сұңқар» сауықтыру кешені аумағында мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне өткізілетін «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК компаниялар тобы Екінші Спартакиадасының ақтық бәсекелері өтеді.

Спартакиада спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, жүзу, армреслинг секілді 12 түрлері бойынша өтеді. Спорт алаңдарына ҚМГ компаниялар тобының 30 ұйымынан 300-дей адам қатысады.

Екінші Спартакиаданың ашылу салтанаты 2017 жылы 27 тамызда «Сұңқар» сауықтыру кешенінде сағат 19:00-ге белгіленген. Спартакиаданың толық бағдарламасы мен спорттық бәсекелердің барлық түрі бойынша аралық нәтижелерді онлайн режимінде «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК» сайтынан www.kmg.kz/spartakiada, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ҚМГ парақшасынан көріп, танысуға болады.

Спорттық сайыстар тартысты өтпекші! Спортсүйер қауымды осы шараларға қатысуға және «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының бірлескен Екінші Спартакиадасына қатысушыларды қолдауға шақырамыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>