Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ:Әріптестермен тәжірибе алмасу

22.08.2017

        21 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Шеврон корпорациясы» және «Теңізшевройл» ЖШС заң қызметтерінің үш жақты ынтымақтастық аясында өзара әрекет етуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

         Дөңгелек үстел жұмысына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Ардақ Мұқышев, «Шевронның» Еуропадағы, Еуразиядағы және Таяу Шығыстағы Барлау мен Өндіру бөлімшелерінің заң кеңесшісі Майк Уильямс, «Теңізшевройл» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Самат Аженов, ҚМГ мен шетелдік компаниялар қатысатын серіктес компаниялардың құқықтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

        Кездесу талқылау формасында өтіп, корпоративтік құқық, келісім шарттық міндеттемелер, еңбек құқығы тәрізді т.б. ең өзекті және іске қатысты тақырыптар талқыланды.

        ҚМГ заң блогының жетекшісі А. Мұқышев компанияның құқықтық қамтамасыз ету қызметі үшін мұндай талқылаулардың үлкен маңызға ие екенін атап өтті. «Біз америкалық «Шеврон» компаниясының заңгерлерімен, «Теңізшевройл» компаниясындағы серіктестерімізбен өзекті құқық мәселелері бойынша бірқатар сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткіздік. Бұл отырыстар барысында біз алмасқан көптеген идеялар ҚМГ жүйесіне сәтті енгізілді. Атап айтсақ, үлгілік келісімдердің, ережелердің, корпоративтік стандарттардың бірыңғай базасы жасалып,  ҚМГ мен еншілес ұйымдардың заңгерлері үшін білім алмасу мақсатында Интернет-форум құрылды», - деді ол.

        Шара барысында сөз сөйлеген ҚМГ-мен серіктес компаниялардың заң қызметтерінің жетекшілері мен қызметкерлері құқықтық салада бірегейлендірілген тәсілдерді жасау, басқарудың дивизионалдық жүйесі аясында ЕТҚ-мен ықпалдасудың ортақ саясатын құру, көптеген функцияларды орталықтандыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

         Майк Уильямс ҚМГ заңгерлерімен ынтымақтасқанына қанағаттанғанын білдірді: «ҚМГ құқықтық блогымен тәжірибе алмасудан және жемісті ынтымақтастықтан айтарлықтай қанағаттанамын. Болашақта өзара әрекетті жалғастыру қажеттігіне сенімдімін», - деді ол.

          Қызықты әңгіме барысында сөз алған «Теңізшевройл» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Самат Аженов ҚМГ құқықтың блогының да назар аударуға лайықты идеялар мен жобаларды сәтті ұсынатынын атап өтті – жекелеп айтсақ, ол құқық саласы, мұнай-газ секторы және экономиканың іргелес салалары бойынша сарапшыларды ҚМГ-ға апта сайын шақырып, мәжіліс өткізу идеясын жоғары бағалады. ҚМГ-нің пікірінше, мұндай кездесулер құқықтың ең өзекті және даулы мәселелерін норма және заң шығарушылармен бетпе-бет отырып талқылауға мүмкіндік береді.

        Дөңгелек үстел шеңберінде стратегиялық серіктестіктің болашағы және компанияның заң қызметтерінің өзара қарым-қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>