Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен КАZENERGY ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты

14.08.2017

Құжатқа Қауымдастықтың бас директоры Болат Ақшолақов пен ҚМГ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Ардақ Мұқышев қол қойды. Меморандум Қазақстан Республикасының заңдарын жетілдіруді; құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған ортақ бағдарламалар мен жобалар әзірлеуді; заң саласындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізу бойынша ынтымақтасу тәрізді құқықтық қызметтегі маңызды бағыттарда бірге әрекет етуді қарастырады.

«Қауымдастыққа мүше компаниялардың заңды мүдделерін және құқықтық өкілдікті қорғау, сондай-ақ, өкілетті мемлекеттік органдарды сараптамалық-талдау тұрғысынан қолдау жұмыстарында ҚМГ компаниялар тобының ортақ ұстанымын ескеру мақсатында, Тараптар мұнай-газ саласы субьектілерінің қызметін құқықтық реттеу бойынша перспективті ұсыныстарды ҚМГ компаниялар тобы мен Қауымдастық салаларынан сарапшыларды тарта отырып бірлесіп талдамақ», - делінген Меморандумда.

Б. Ақшолақов KAZENERGY Қауымдастығының заңнамалық қызметте саланың мүддесін қорғау жөніндегі жұмысына ҚМГ құқықтық блогы тарабының белсене қатысып және жәрдемдесуін атап өтіп, сонымен бірге қол қойылған Меморандум компаниялар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуде жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

  А. Мұқышевтың айтуынша, Қауымдастық бүгінге дейін өзін тиімді диалог алаңы және Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің тұрақты әрі қарқынды дамуына қолайлы жағдай жасауға шынайы ықпал ететін қоғамдық ұйым ретінде көрсете білді. Қауымдастықтың биік беделі мемлекет пен энергетикалық компаниялар мүдделері теңдігін сәтті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚМГ құқықтық блогының басшысы атап өткендей, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен KAZENERGY Қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеуі бірлескен құқықтық жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруге, сонымен қатар, ұлттық компанияның заң қызметі тиімділігін жоғарылатудың жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>