Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы CITIC және Total топ-менеджерлерімен кездесті

26.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев серіктес қытай және француз компанияларының басшылығымен келіссөз жүргізді.

ҚМГ басшысы CITIC Resources Holdings Limited Басқарма Төрағасы және бас атқарушы директоры Хао Вейбомен кездесті. Тараптар Ақтау битум зауытының («Caspi Bitum» БК ЖШС) мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасын және кәсіпорынның бүгінгі қызметін талқылады (БК үлескерлері: ҚМГ – 50%, «CITIC Kazakhstan» ЖШС – 50%).

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда битум өндірісін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаның іске асу барысы ҚМГ басшылығының тұрақты бақылауында. Жыл соңына дейін жобалау құжаттамасын әзірлеп, ұзақ мерзімде дайындалатын негізгі жабдықты жеткізуге тапсырыс беру жоспарланып отыр.

«Бір белдеу – бір жол» жобасының аясында екі елдің алдына қойылған міндеттер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, олардың қатарында Қазақстанның автожол саласын одан әрі дамыту бағыты бар. ҚР Көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес, автожолды жаңарту және салу үшін ішкі нарықта битумға деген қажеттілік келесі жылы 0,9-1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін артады. Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, бұл үрдіс 2040 жылға дейін жалғасады», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Сондай-ақ, ҚМГ басшысы «ТотальЭнерджис барлау және өндіру» компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Тома Мориспен келіссөз жүргізді. Кездесуде Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы талқыланды. Сондай-ақ, Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған) аясындағы ынтымақтастық мәселесі қаралды.

«Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы перспективалы жоспарларының қарсаңында ҚМГ мен TotalEnergies компанияларының жаңартылатын энергетика саласындағы өзара ынтымақтастығының маңызы арта түседі. «ҚазМұнайГаз» 2031 жылға қарай жалпы қуаты кемінде 300 МВт болатын ЖЭК нысандарын салуды стратегиялық мақсат ретінде жоспарлап отыр», - деді М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>