Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту нысандарындағы ағымдағы жұмыстармен танысты

13.04.2017

12 сәуірде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытына жұмыс сапарымен келді. Министр Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің нысандарын, сондай-ақ екінші кезеңі нысандарының құрылыс алаңдарын көріп, аралап шықты.

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығы министрге жобаның бірінші кезеңі бойынша жұмыстардың механикалық аяқталғаны және екінші кезең нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі туралы баяндады.

Зауытты аралап шыққаннан кейін Қ. Бозымбаев жаңғырту жобасын тезірақ аяқтап, Қазақстан үшін жоғары класты автомобиль отынының қажетті көлемін алу үшін жұмыстарды қарқынды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 31 наурызда Шымкент мұнай өңдеу зауытында зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің ірі технологиялық нысаны болып табылатын – шикізатты алдын ала гидротазалайтын блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталғаны туралы актіге қол қойылған болатын.

Қазіргі уақытта, аталған нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол жұмыстарды ағымдағы жылдың шілдесіне аяқтау жоспарланған. Нысан іске қосылғаннан кейін кепілді пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізіліп, 2017 жылы К4, К5 экологиялық кластағы (Евро-4, Евро-5 аналогы) жоғары октанды бензиндер мен дизель отыны алынатын болады және жоғары октанды бензиндерді өндіру жылына 460 мың тоннаға, дизель отынын өндіру жылына 226 мың тоннаға, авиаотынды өндіру жылына 27 мың тоннаға артатын болады.

Бұған қоса, Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының екінші кезеңінің аясындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Жобаның екінші кезеңі зауыттың шикізат өңдеу қуатын жылына 5,25 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін арттыруға және шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған. Жобаның екінші кезеңі технологиялық тұрғыдан күрделі болып келеді және жоғары октанды моторлы отындарды алатын, қуаты жылына 2,0 млн. тонна мұнайды терең өңдейтін каталитикалық крекинг қондырғысы кешенін салуды қарастырады.

Жобаның екінші кезеңі аяқталғанда зауытта жоғары октанды бензиндерді өндіру жылына 2 270 мың тоннаға дейін, дизель отынын өндіру жылына 1 916 мың тоннаға дейін, авиаотынды өндіру жылына 400 мың тоннаға дейін, ал зауыт өнімдерінің ҚР нарығындағы үлесі 35%-ға дейін артатын болады.

Жалпы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы бойынша 11 технологиялық қондырғыларды және жалпы зауыт шаруашылығының 29 нысанын салу және реконструкциялау қарастырылған.

Жоба бойынша бас мердігер жұмыстарын мұнайгаз өнеркәсібі саласында инжинирингтік және құрылыс жұмыстарымен айналысатын ірі компаниялардың бірі – СРЕСС (China Petroleum Engineering & Construction Corporation) компаниясы орындауда.

Жұмыс сапарының нәтижесі бойынша энергетика министрі Қ. Бозымбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшылығына жаңғырту жобасы бойынша әрі қарай жүргізілетін жұмыстарға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Анықтама үшін:

Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы салынған және ол еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының ішінде жаңасы болып табылады. Зауыттың шикізат өңдеу бойынша жобалық қуаты жылына 5,25 млн. тонна. Зауыт Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты өндіретін мұнай өнімдерінің жалпы жылдық көлемінің 30% өндіреді.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы басталған және ол 2 кезеңнен тұрады. Жобаның 1-кезеңі изомерлеу қондырғысындағы іске қосу-реттеу жұмыстары 2017 жылдың шілдесінде аяқталғаннан кейін аяқталады.

Зауыт акцияларының 50%-ы «ҚазМұнайГаз» АҚ-на, 50%-ы CNPC компаниясына тиесілі. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>