Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамдағы мәжілісі туралы хабарлайды

01.08.2017

Бүгін 2017 жылдың 31 шілдесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ары қарай  – «ҚМГ»)  Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамдағы бірінші мәжілісі болып өтті.

Бұрын хабарланғанындай, 2017 жылдың 29 маусымында «Самұрык-Қазына» АҚ Басқарма мәжілісінде ҚМГ Директорлар кеңесі құрамының өкілеттілік мерзімі бітуіне байланысты өзгергені туралы шешім қабылдады.

ҚМГ  Директорлар кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша ҚМГ  Директорлар кеңесі төрағасы мен мүшелері Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Фрэнк Куйлаарс пен Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі, тәуелсіз директор, ҚМГ  Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы Питер Лэйнді құрметпен шығарып салды, сондай-ақ ҚМГ  Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі, тәуелсіз директор Стивен Уайтты қызу қарсы алды.

2017 жылдың 1 тамызынан ҚМГ Директорлар Кеңесі өз өкілеттілігін төмендегі құрамда жүзеге асыратын болады:

  1. Кристофер Уолтон, төраға және тәуелсіз директор
  2. Сауат Мыңбаев, Басқарма төрағасы
  3. Стивен Уайт, тәуелсіз директор
  4. Ерлан Баймұратов, тәуелсіз директор
  5. Балжит Гревал, Директорлар кеңесінің мүшесі, Қор өкілі
  6. Берік Бейсенғалиев, Директорлар кеңесінің мүшесі, Қор өкілі
  7. Ұзақбай Қарабалин, Директорлар кеңесінің мүшесі, Қор өкілі

Директорлар кеңесінің бекітілген құрамының өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>