Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ ҰК-ның 2016 жылғы өндірістік-қаржылық көрсеткіштері

21.04.2017

Алдын ала мәліметтерге қарағанда 2016 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің жинақталған көлемі ҚМГ компаниялар тобы бойынша 22 639 мың тонна құрады. Толысқан кеніштер тобы бойынша жалпы өндіру көлемі 15 981 мың тоннаға жетті.

Табиғи және ілеспе газ өндіру 7 384 млн. текше метр құрады.

Мұнай тасымалдау. Күреқұбырлар жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 56 600 мың тонна құрады. Теңіз бойынша мұнай тасымалдау есепті кезеңде 7 082 мың тонна құрады.

Газ күреқұбырларымен газ тасымалдау 88,1 млрд. текше метрге жетті. Оның ішінде, халықаралық транзит 58,3 млрд. м3көлемінде болды, ішкі тасымалдау – 16,5 млрд. м3 және экспорттық тасымалдау – 13,3 млрд.м3.

Қашаған

Коммерциялық өндірудің басталуы 2016 жылғы 1 қарашада жарияланды. Теңіз және жерүсті кешендерінде жабдықты пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Өндіруді қайта жаңартуды бастағаннан бері 2 млн. тоннадан астам мұнай және 1 млрд. астам м3 газ өндірілді. 2017 жылы мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 370 мың баррелге дейін ұлғайту үшін газды кері айдаудың екі компрессорын іске қосу жоспарланып отыр. Мұнай өндіру деңгейін одан әрі ұлғайту үшін газды кері айдау қуаттарын кеңейту жобасы іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта осы жобаның оңтайлы тұжырымдамасын таңдау бойынша жұмыстар орындалып жатыр.

Теңіз

ТШО әріптестерімен бірлесе отырып сағалық қысымды басқару Жобасы/ болашақтағы кеңейту Жобасы бойынша Түпкілікті инвестициялық шешім қабылдау туралы хабарлады.Жобаны жүзеге асыру ТШО істе тұрған нысандарында тұрақты мұнай өндіруді ұстап тұруға және жаңа зауыт құрылысы есебінен қосымша жылына 12 млн. тоннаға мұнай өндіруді көбейтуге мүмкіндік береді. Сағалық қысымды басқару Жобасы/ болашақтағы кеңейту Жобасы құрылысы барысында Қазақстанда 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, кадрларды оқыту және дайындау шаралары қарастырылған, сондай-ақ жаңа өндірістік нысандарды іске қосқаннан кейін 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Болашақтағы кеңейту Жобасын іске асыруда қазақстандық мазмұн 32 пайыз (11,8 млрд. доллар) болады деп күтілуде.

Қарашығанақ

2М өндірістік игеру Кезеңі іске асырылуда, оның аясында жылдық өндіру 11 млн. сұйық көмірсутегі және 18 млрд. шаршы метр газ көлемінде жүзеге асырылатын болады. Жобаның басты мақсаты жаңа ұңғыларды бұрғылау жолымен өндіруді қол жеткен деңгейде ұстап тұру, газдық қуатты арттыру және көмір сутегілерін дайындау үшін технологиялық қондырғыларды жаңғырту болып табылады. 2М кезеңі жобаларын аяқтағаннан кейін сұйық көмірсутегілерін өндіру деңгейін ұстап тұру үшін Қарашығанақты кеңейту жобасын іске асыру жоспарланады. Жобаның бірінші кезеңі жаңа ұңғымалар бұрғылауды және істе тұрған ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізуді, газ дайындау жөніндегі нысандар құрылысын және газды кері айдау көлемін арттыру үшін қосымша компрессорлар қондыруды, көмекші нысандардың құрылысын қарастырады.

Геологиялық барлау

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚМГ сұйық көмір сутегілерінің шоғырландырылған дәлелденген өндірілетін қорлары 785,8 млн. тоннаны құрайды, бұл ретте 2016 жылы мұнай мен газ конденсаты қорларының жалпы өсімі 7,2 млн. тоннаны құрады. Жыл бойы мұнайдың қалған өндірілетін қорлары көлемінің өзгеруі перспективалық блоктарды барлау, жұмыс істеп тұрған кенорындарының қорларын толық барлау және қайта бағалау есебінен, сондай-ақ көмір сутегі ресурстарын өндіру барысында қорларды азайту есебінен болды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геологиялық барлау жұмыстарын дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бес жылдық бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Жұмыс істеп тұрған кен орындарында қорлардың өсімін көздейтін, оның ішінде мұнайлылығының контурларын кеңейту және терең ашылмаған және жіберілген қабаттарын бөлу есебінен 2017-2021 жылдарға арналған толық барлау бағдарламасы әзірленді.

Мұнайды қайта өңдеу

2016 жылы мұнайды қайта өңдеу көлемі 16 602 мың тоннаны құрады. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның мұнай өнімдерінің бөлшек нарығындағы Компанияларының үлесі 16%-ды құрайды.

Мұнай және мұнай өнімдері саласындағы ұлттық оператор ретінде ҚМГ ҚР Энергетика министрлігінің кестелеріне сәйкес төмендетілген бағалар бойынша әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін тиеп жөнелтуді жүргізеді. «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ жыл сайын егіс және жинау жұмыстары кезеңінде жылу маусымының түсуімен ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін арзандатылған дизелдік отынды жеткізуді жүзеге асырады, ҚР әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелердің жылыту қажеттіліктеріне арналған мазутты жеткізеді. 2016 жылы жеткізу көлемі 284 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.

Қаржылық есептілік

2016 жылы негізгі қызметтен түскен кіріс 3 553 млрд. теңгені (10,5 млрд. АҚШ доллары) құрады. Таза пайда 360 171 млн. теңгені (1 063 млн. АҚШ доллары) құрады.

ҚР бюджетіне, оның ішінде негізгі еншілес ұйымдар бойынша салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 456 987 млн.теңгені (1 337 млн. АҚШ доллары) құрады, ол 2015 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 14%-ға аз. Төмендеудің негізгі себебі 2015 жылы теңгемен болған девальвацияның салдарынан оң бағамдық айырмадан түскен кірісті алу болып табылады. Бұдан басқа, бюджеттегі төлемдерді азайтуға мұнайдың орташа бағасын 17%-ға төмендету әсерін тигізді.

Қазақстандық қамту

Есепті кезеңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының тауарлар, жұмыстар, қызметтерін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 1 трлн. 871 млрд. теңгені немесе 76% құрады. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерімен жалпы сомасы 1 триллион 465 млрд. теңгеге 1808 ұзақ мерзімді шарт әрекет етуде.

Трансформациялау

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірлесіп өткізілетін Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде мұнай өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар кешені жүргізіледі (мысалы, «Зияткерлік кен орны» жобасы).

2016 жылы басқару функцияларды қайталауды жоюға және өндірістік активтерге жедел бақылануын қамтамасыз етуге тартылған қосалқы холдингтерді тарату басталды.

Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз-Қайта өңдеу Маркетинг» АҚ қосылуы жүріп жатыр. Жұмыс істеп тұрған АҚ-ны ЖШС-ға қайта құру жоспарланып отыр, ол еншілес ұйымдардың Директорлар кеңестері арқылы тікелей басқару ерекшелігі есебінен меншік иелерінің пайдасына өкілеттіктер көлемін қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Трансформациялау шеңберінде практикалық жоспарда іске асырылған, ҚМГ компанияларының бүкіл тобы бойынша түйінді ұйымдық-құрылымдық өзгерістерге, өндірістік, басқару және қамтамасыз етілетін бизнес-процестерді жетілдіруге бағытталған шамамен 70 жоба іске асырылған, орындалып жатыр немесе жоспарлануда.

Жекешелендіру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысын орындау аясында ҚМГ ЕТК активтерді бәсекелес ортаға беру жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Қаулыға кірген ҚМГ ЕТҰ жалпы саны 73 компанияны құрайды. Қазірдің өзінде 23 компания бойынша іс-шаралар орындалды (Rompetrol Ukraine LTD,«Торгово-производственная компания» ЖШС). 2017-2018 жылдары қалған компанияларды бәсекелес ортаға шығару жоспарлануда. Қазіргі уақытта KMG International N.V. пакет акциясының 51 пайызын сату жөніндегі мәміле аяқталу кезеңінде тұр. Жекешелендіру бағдарламасын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік саясат

Еңбек қатынастары саласында бірыңғай стандарттар енгізіліп жатыр. Басшылар мен жұмыскер арасындағы кері байланыстың бірыңғай жүйесі қабылданды, қазіргі уақытта ол көптеген ҚМГ ЕТҰ енгізілді. Бірыңғай Жастар саясатын іске асыру жалғасуда, оның шеңберінде слеттер, мастер кластар, тренингтер, сондай-ақ үздік инновациялық идеялар бойынша конкурстар жыл сайын өткізілуде. Қазіргі уақытта Жастар кеңесі ҚМГ-нің 28 компаниясында жұмыс істейді. Бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу қолданылуда, жоба ҚМГ корпоративтік орталығында өткен жылдан бастап іске асырылуда. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша ҚМГ-де жобаны бастаған күннен бастап 41 адам жұмысқа қабылданды.

Бірыңғай кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚМГ ЕТҰ ішкі коммуникациялар бірыңғай жүйесінің үлгі қағидалары әзірленді. Қазіргі уақытта осы Қағидалар ҚМГ 40 ЕТҰ енгізілген. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек даулары мен қақтығыстарын реттеу жөніндегі кеңес жұмыс істейді, оның құрамына ҚМГ ЕТҰ басшылары, кәсіподақ төрағалары, еңбек ұжымдарының өкілдері кіреді. Кеңестің негізгі мақсаты бірыңғай әлеуметтік саясат бойынша ұсынымдар әзірлеу және әлеуметтік-еңбек дауларын ескерту бойынша шаралар әзірлеу болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>