Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті

10.05.2017

Сонау 1941-45 жылдардағы ауыртпалық пен қайғы-қасіреттің уытын басып, бізді бүгінгі бейбіт күнге жеткізген еңбегі ерен ардагерлерімізді қаншалықты ұлықтасақ та жарасады. Бұл тұста оларды жадымыздан өшірмей, санамызға сіңіре отырып, ұрпаққа үлгі ету – парыз. Сондықтан да, осы орайда жыл сайын жоғары деңгейде тойланып, ерекше ескеріліп, айрықша аталып өтетін мерекеде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұжымы да белсенділік танытып келеді. 

Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады. Осы тұрғыда ұлттық компания биыл да игі шараның іске асуына үлес қосты. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес жыл сайын ардагерлерді жеке-жеке құттықтайды. Бейбіт күн сыйлаған қарт майдангерлерге қаржылай көмек көрсетіліп, сый-сияпаттар жасалады, жастар ақсақалдардың естелік әңгімелерін тыңдайды. Биылғы жылы да осы игі дәстүр жалғасын тапты. Жастар Кеңесінің мүшелері мен ҚМГ қызметкерлері Астанадағы 121 ардагердің үйіне барып, өздерінің шынайы алғыстары мен құрметтерін жеткізді. 

Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталатындығын компаниядағы осы шара тағы да дәлелдеді. Оларды әркез еске алып, рухына тағзым ету – кейінгі ұрпақтың ең басты парызы екенінің айқын мысалы болған осы шараларды ұйымдастырушылардың бірі, әлеуметтік саясат департаментінің маманы Жәнібек Нүгербеков ардагерлерге Астана қалалық ардагерлер кеңесімен келісе отырып, оларға нақты көмек көрсетуді жөн санағандықтарын алға тартты. Осылайша ардагерлерге азық-түлік корзииналары тарту етілді. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бізге бүгінгі ашық аспан мен бейбіт күнді сыйлаған жандарға қашанда құрметпен қарайды. Сол себепті, компания қан майданда қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, бүгінде жанымызда жүрген қарт майдангерлерге құрмет көрсетуді бұлжымас парыз санайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>