Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және CNPC басшылары ҚХР-на газ экпорттау және Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту саласында бірқатар келісімге қол қойды

09.06.2017

Еуразия елдері арасында сауда және тасымал байланысын арттыруға бағытталған Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу, бір жол» инициативасының шеңберінде 2017 жылдың 5 маусымында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ ҰК) Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинь (ҚХР) кездесуі болып өтті. Кездесу барысында екі елдің басты мұнайгаз комапнияларының қазақстандық газды экспорттау, сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу заводын жаңғырту және қайта құру жобасын жүргізу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Тараптар 2017 – 2018 жылдар кезеңінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының табиғы газды ҚХР-на сату мүмкіндігін талқылады, сондай-ақ қазақстандық газды ҚХР-ға 5 миллиард текше метр көлемінде экспорттау туралы сату-сатып алу келісімшартына қол қоюға келісім жасалды. ҚМГ ҰК мен CNPC басшылары тиісті өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Құжат өнімнің сату көлемін, бағасын және сапасын, сондай-ақ газды қытайлық тараптың қабылдау пункті «Қорғас» шекара пункті болатынын анықтайды.

ҚМГ ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев атап өткендей, Астанада қол қойылған меморандум Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылады.

Қазақстандық газды ҚХР-ға сату туралы келісімге барар жолда тасымалдауда экспортбағдарлық жүйе құру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы аяқталды, «Қазақстан – Қытай» магистральды газ құбырының үшінші тізбегі іске қосылды және жоғары технологиялық «Бозой», «Қараөзек» газкомпрессор станциялары мен «Ақыртөбе» газкомпрессор станциясы құрылысы салынды.

ҚМГ ҰК мен CNPC басшылары сонымен қатар «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-нің «Шымкент мұнай өңдеу заводын жаңғырту және қайта құру» жобасын бірлесіп жүргізу туралы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының индустриальдық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына енгізілген.

Келісім жобаны қаржыландыру шартын, жобаны жүргізу үшін қажетті шараларды анықтайды, оны жүзеге асырудың екі кезеңінің мерзімін бекітеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>