Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті тағайындалды

13.06.2017

ҚМГ ҰК өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті (СОО) болып Олег Карпушин тағайындалды.

Өз лауазымында О.Карпушин Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа тікелей бағына отырып, тұтас «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының барлау және өндіру жөніндегі жобалары үшін жауапты болады. Сонымен қатар О. Карпушиннің құзыреттер аясына ҚМГ компаниялар тобының бірлескен кәсіпорындардағы, ҚМГ-нің акциялар бақылау пакеті бар кәсіпорындардағы, сондай-ақ жаңа барлау және өндіру салаларындағы жобалары кіретін болады. Бұған қоса оған «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС есепті болады.

О. Карпушинді таныстырған кезде Сауат Мыңбаев «Мен біздің командамызда Олег Карпушин іспетті кәсіпқой маманның пайда болғанына қуаныштымын, оның міндетіне өндіру саласындағы жұмысты жақсарту, сондай-ақ біздің мұнай-газ ресурстарымызды тиімді әрі қауіпсіз игеру міндеттері жатады» деп атап өтті.

ҚМГ-нің халықаралық мұнай компанияларымен бірлесіп әзірлеген бірнеше маңызды жобалары, сондай-ақ маңызды жаңа әзірлемелері бар. Атқарушы вице-президент алдында тұрған міндеттердің бірі өндірістегі бетбұрысқа қол жеткізу және қолданыстағы жетілген мұнай кен орындарындағы пайдалану қауіпсіздігі болмақ.

Сондай-ақ, қазіргі мұнай бағаларын ескере отырып және салыстырмалы түрде алғанда Қазақстан әлі жеткілікті зерттелмеген мұнай өңірі болып саналғандықтан, атқарушы вице-президент міндеттерінің аясына ірі геологиялық барлау бағдарламасын дамыту да кіреді.

Олег Карпушин мұнай-газ саласындағы біліктілігі жоғары және тәжірибелі маман болып табылады. Ол И.М. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университетін «Геология және мұнай мен газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. 2013 жылы АҚШ Дьюка университетінде МВА дәрежесін алды.

Еңбек қызметін Ресейде, АҚШ-та және Қазақстанда (Атырау қаласы) Шлюмберже мұнай сервистік компаниясында бастаған. Сонымен қатар Сахалин Энерджи компаниясында (Қиыр Шығыстағы Шелл және Газпром бірлескен компаниясы) жұмыс істеді, онда СТГ рекордтық өндірістік көлемін қауіпсіз іске қосу үшін жауапты болды.

2010 жылы Нигерияда батыс дивизионда «Шелл Петролеум Девелопмент Компани оф Найджериа Лтд.» компаниясында Өндіруші мұнай-газ активтерін басқарушы директор болып тағайындалды, онда күрделі геологиялық және әлеуметтік жағдайда ескі кен орындарында мұнай өндірудің рекордтық деңгейіне қол жеткізілді.

2013 жылы Газпром мен Шелл компанияларының бірлескен кәсіпорны «Салым Петролеум Девелопмент Н.В.» бас директоры болды, онда 2014 жылы мұнай беру көлемін жоспарланғаннан 6,55 млн тонна (тәулігіне шамамен 130 мың баррель) мұнайға дейін арттыруға қол жеткізді.

2015 жылы Гаагадағы Шелл офисінде стратегиялық жоспарлау жөніндегі аға кеңесші болып тағайындалды, кейіннен осы жылы НОВАТЭК компаниясының Басқарма төрағасының орынбасары – өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>