Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің Республика күнімен құттықтауы

24.10.2023

Мирзагалиев М.М. темный фон (2).jpg

Құрметті отандастар!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Республика күнін үлкен жетістіктермен қарсы алып отыр. Былтыр компаниямыз серпінді жобаларды іске қосты, халықаралық ынтымақтастықты жандандырды. Жария компания атанды, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін бірқатар өзгеріс жасады.

ҚазМұнайГаз өзіне артылған міндетті абыроймен орындап, тұрақты дамып келеді. Биыл алты ай ішінде компанияда мұнай өндіру көлемі 10,1%-ға артып, 11,8 млн тоннаға жетті. Магистралды құбырлар және теңіз жолдары арқылы 39,3 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл – былтырғы алты айдың көрсеткіштерінен 5,8%-ға көп. Жарты жылда 10 млн тонна көмірсутек шикізаты өңделіп, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық болды. Отандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерінің өндірісі 3,9%-ға ұлғайып, 9,3 млн тоннаға жетті.

Айтулы жетістіктердің бірі ретінде Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен шығаратын «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенінің іске қосылуын атап өтуге болады. Сонымен қатар қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін тағы бір ірі кәсіпорынның құрылысы қолға алынды.

Компания 50 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып, өз қызметкерлері мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді.

Еліміздің батыс аймақтарындағы маңызды мәселелердің бірі – ауыз су тапшылығын шешу үшін бірқатар жоба жүзеге асып жатыр. Солардың бірі Қаражанбас кен орнында су тұщыту зауыты бой көтерді. Кендірлі кентінде осындай екінші зауыттың құрылысы басталды. «Астрахань–Маңғыстау» су құбыры реконструкциядан өтіп, жаңартылып жатыр.

ҚазМұнайГаз болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына да өз үлесін қосады. Биылғы оқу жылында Маңғыстау өңірінің 449 жоғары сынып оқушыларын еліміздің үздік колледждері мен мектептерінде оқыту үшін қаржы бөлінді.

Аталған және өзге де маңызды бастамалар еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттырады. Ұлттық компанияның одан әрі өркендеуіне жол ашады.

Қадірлі ҚазМұнайГаз қызметкерлері!

Сіздерді келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқының игілігін еселеу жолында атқарған қажырлы еңбектеріңіз жаңа берсін. Ел іргесі бүтін, жұртымыз аман болсын!

Мағзұм Мырзағалиев,

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>