Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі құрамының өзгергені туралы хабарлайды

30.06.2017

2017 жылдың 1 тамызынан ҚМГ Директорлар Кеңесі өз өкілеттілігін төмендегі құрамда жүзеге асыратын болады:
1.Кристофер Уолтон, төраға және тәуелсіз директор
2.Сауат Мыңбаев, Басқарма төрағасы
3.Стивен Уайт, тәуелсіз директор
4.Ерлан Баймұратов, тәуелсіз директор
5.Балжит Гревал, Директорлар кеңесінің мүшесі, Қор өкілі
6.Берік Бейсенғалиев, Директорлар кеңесінің мүшесі, Қор өкілі
7.Ұзақбай Қарабалин, Директорлар кеңесінің мүшесі, Қор өкілі

Директорлар кеңесінің бекітілген құрамының өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайды.

Қор Басқармасының шешіміне сәйкес Директорлар кеңесінің төрағасы Фрэнк Куйлаарс пен Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы Питер Лэйннің өкілеттіктері тоқтатылды. Екі директор да 2017 жылғы шілденің аяғына дейін өз лауазымдарында қалады.

ҚМГ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Ф. Куйлаарс пен П. Лэйннің ұлттық компанияны және жалпы Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан едәуір үлесін атап өтіп, ұзақ жылдар бойы тиімді жұмысы мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

С. Мыңбаев Кристофер Уолтон мен жаңа тәуелсіз директор Стивен Уайт жоғары білікті мамандар және әлемнің ірі мұнай-газ компанияларында үлкен жұмыс тәжірибелері бар екенін атап өтті. «Сіздердің әрқайсыңыз Директорлар кеңесінің жұмысына және компанияны дамытуға елеулі үлес қосатындарыңызға сенімдімін», - деді ол.

Кристофер Уолтон 2014 жылдан бері ҚМГ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып табылады.
Стивен Уайттың мұнай-газ саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол 2014 жылға дейін үш жыл бойы Galp Energia бас операциялық директоры және барлау және өндіру жөніндегі атқарушы директоры болды, ал бұған дейін үш жыл BG Group компаниясында коммерция жөніндегі аға вице-президент болып жұмыс істеді. Бұрын ол 14 жыл Shell және 6 жыл Clyde Petroleum жұмыс істеген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>