Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және ENI Қазақстандағы бірқатар жобалар бойынша келісімге қол қойды

29.06.2017

2017 жылғы 22 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және ENI компаниясының атқарушы директоры Клаудио Дескальци Жер қойнауын пайдалану құқығы үлесін беру туралы келісімге қол қойды.
Осы Келісімде келісімшарт аумағында – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан Исатай учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру жөніндегі бірлескен операцияларды жүргізу мақсатында ENI пайдасына біріктірілген барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-ын беру шарттары көзделеді.
Мәмілені ресімдеу аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің рұқсаты алынғаннан кейін бірлескен операциялық компания ҚМГ және ENI Исатай учаскесінде жұмыс бағдарламасы мен келісімшарттық міндеттемелерді орындауды бастайды.
Бұдан басқа, ҚМГ мен ENI басшылары Қазақстанда индустриялық инвестициялық жобаны бірлескен іске асырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойды. Тараптар мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын ескере отырып, жобаны таңдайды және келісетін болады.
Екі келісім де Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын, сондай-ақ өнеркәсібін дамыту мақсатындағы пакеттік мәмілені құрайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>