Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ: Қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жолында

06.04.2017

Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында атқарылған жұмыс нәтижелерін талқылау және алдағы жылдарға арналған жоспарлар мен мақсаттарды талқылау мақсатында жиналысқа 40-тан астам еншілес және тәуелді ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметтерінің басшылары шақырылды. 

ҚМГ даму стратегиясының басымдықтарының бірі, трансформациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аясында тәжірибеге мұнай-газ компанияларының ең үздік әлемдік стандарттарын енгізу болып табылады.   Тәжірибе  алмасу мақсатында кеңеске осы бағытта едәуір нәтижелерге қол жеткізген «Шлюмберже» мен НКОК компанияларының өкілдері шақырылды. 

Форумды «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Д. Досанов ашты.  Ол өз  сөзінде өндірістік кәсіпорындардың басшыларының, сондай-ақ қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру маңыздылығы атап өтті.  

Одан әрі  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі вице-президенті В. Спинелли 2016 жылғы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы туралы баяндама жасап, ҚМГ компаниялар тобындағы алдағы жылдарға арналған жоспарлармен және мақсаттарға тоқталды.

Сонымен қатар ҚМГ мамандары еңбекті және денсаулықты қорғау, көлік, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы жүйені жетілдіру жөнінде әзірленген бағдарламаларды ұсынды.  Сондай-ақ неғұрлым ірі компаниялар жиналысқа қатысушылардың назарына 2016 жылғы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы жөніндегі есептерді ұсынып, оң тәжірибелерімен бөлісті, бұл ретте проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары    талқыланды. 

Жиналысқа қатысушыларды өндірісті еңбек қауіпсіздігі және оны қорғаудың тиімді жүйесін құру, өндіріске байланысты жарақаттанудың ең төменгі  көрсеткіштеріне қол жеткізу секілді ортақ мақсат біріктіріп отырғаны атап өтілді. 

Кеңестің қорытындылары бойынша жоғары буынның осы бағытты ұстанатыны және көшбасшы екенін көрсету мақсатында, оларды осы жұмысқа тікелей тартып, кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру туралы хаттамалық шешім қабылданды.

 Анықтама үшін:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>