Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының 1-ші кезеңінің нысандарында іске қосу-реттеу жұмыстары басталды

03.04.2017

Шымкент мұнай өңдеу зауытында зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің ірі технологиялық нысаны – шикізатты алдын ала гидротазалайтын блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталғаны туралы актіге қол қойылды. Қондырғы тауарлы автомобиль бензиндерінің октан санын жоғарылатуға және бензин құрамында канцерогенді зат болып табылатын бензолдың көлемдік үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Механикалық аяқтау туралы актіге қол қойған уақыттан бастап іске қосу-реттеу жұмыстарының кешені басталады. Іске қосу-реттеу жұмыстарын кепілдік пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізетін болып және сапалы өнім алынатын болып, ағымдағы жылдың шілдесіне аяқтау жоспарланып отыр.     

Сондай-ақ, жалпы алғанда зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аясында қуаты жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы салынып, пайдалануға берілді, әрекеттегі дизель отынын гидротазалау қондырғысы реконструкцияланды, мөлдір мұнай өнімдерін саңылаусыз құю қондырғысы мен зауыттың инфрақұрылымының басқа да нысандарының құрылысы аяқталды.

Жобаны жүзеге асыру кезінде АҚШ-тың UOP және Қытайдың СРЕ сияқты әлемдік жетекші компанияларының заманауи және жаңа технологиялары пайдаланылды. Жобалаушылар ретінде Италияның Technip компаниясы мен Қазақстанның «Казгипронефтетранс» ИК» ЖШС тартылды.

Бас мердігер жұмыстарын мұнайгаз өнеркәсібі саласында инжинирингтік және құрылыс жұмыстарымен айналысатын ірі компаниялардың бірі – China Petroleum Engineering & Construction Corporation орындауда.

Жобаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін Шымкент мұнай өңдеу зауыты Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық кластағы (Евро-4 және Евро-5 стандарттарының аналогы) жоғары октанды бензиндер мен дизель отынын шығаратын болады. Бұл көлік құралдарының қоршаған ортаға шығаратын ластағыш заттарының мөлшерін азайту арқылы экологияның жақсаруына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Зауытта жоғары октанды бензиндерді шығару жылына 460 мың тоннаға, дизель отынын өндіру жылына 226 мың тоннаға, авиаотынды өндіру жылына 27 мың тоннаға артатын болады. Октан саны төмен АИ-80 маркілі бензині Қазақстанның ішкі нарығындағы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін шығарылуы мүмкін.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Жаңғырту жобасы өндірісті тоқтатпай жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>