ҚазМұнайГаз: 23 жыл бойы тұрақты даму және болашаққа жоспар
20.02.2025
«ҚазМұнайГаз» – ел экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның жетекші мұнай-газ компаниясы. Бүгінде ҚМГ Қазақстан бойынша мұнай өндірудің 26%-ын, тасымалдаудың 56%-ын және қайта өңдеудің 80%-ын қамтамасыз етіп отыр.
ҚазМұнайГаздың міндеті — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мұнай-газ саласындағы стратегиялық маңызды бағыттарды дамыту.
Ұлттық компания геологиялық барлау және мұнай-газ химиясындағы ауқымды әрі көп қаржыны қажет ететін жобаларға бастамашылық етеді. Бұл бастамалар жаңа ресурс көздеріне жол ашып қана қоймай, еліміздің эконо¬микалық өркендеуіне ықпал етеді.
ҚМГ жетістіктері мен болашаққа жоспары туралы толығырақ «Egemen Qazaqstan» материалынан оқи аласыздар.