Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз болашақ ұрпақтың білім алуына үлес қосады

15.10.2023

Жақында өткен Республикалық педагогтер съезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақты озық стандарттарға сай тәрбиелеу мен оқыту жөнінде міндеттер қойды. Осы орайда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) қолдауымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік бастамалар ішінде «Жарқын болашақ» жобасы ерекше көзге түседі.

ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Жаңаөзен кәсіподақтары мен еңбек ұжымдарының өкілдері 14 қазанда дарынды балаларға арналған «IQanat High School of Burabay» мектеп-интернатына (Щучинск қ., Ақмола облысы) іріктеуден өтіп, «Жарқын болашақ» жобасы бойынша білім алып жатқан Маңғыстау облысының оқушыларымен кездесті.

ҚМГ басшысы кездесуде оқушыларға білім алуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтып, осы жолда табыс тіледі. Жиналған балалардың қошеметімен IQanat мектебіне сыйлық ретінде National Geographic журналының қазақ тіліндегі басылымына 6 жылға жазылу сертификатын табыстады.

«ҚазМұнайГаз» әлеуметтік жауапты компания ретінде «Жарқын болашақ» жобасы арқылы келешек ұрпақтың білім алуына өз үлесін қосып келеді. Біз балаларға түрлі бағытта сұранысқа ие мамандықтарды игеріп, сапалы білім алуға мүмкіндік беруді жалғастырамыз. Келесі жылы жоба ауқымын кеңейтіп, 600 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз», — деді М.Мырзағалиев.

Қазіргі уақытта Бурабай курортында орналасқан IQanat мектебінің өзінде «ҚазМұнайГаздың» қаржылай қолдауымен Маңғыстау облысынан 101 оқушы білім алып жатыр, оның 70-і Жаңаөзен қаласынан.

Жалпы, ел бойынша «Жарқын болашақ» жобасы бойынша 449 оқушының білім алуына қаржы бөлініп отыр.

Биылғы оқу жылындағы алғашқы сынақтың нәтижесі маңғыстаулық оқушылардың география, информатика, геометрия, қазақ әдебиеті, қазақ және орыс тілдері сияқты пәндерден үлгерімі жақсы екенін көрсетті.

«IQanat мектебіне оқуға түскенімізге өте қуаныштымыз. Мектеп ғимараты заманауи, табиғаты керемет. Оқу барысы да қызық, сабақтарды ерекше өтеді. Күн сайын жаңа нәрсе үйренеміз. «Жарқын болашақ» бағдарламасын ойлап тапқандарға рахмет», — дейді Жаңаөзен қаласынан келген Наурызбаев Шыңғыс.

Биылғы оқу жылында Жаңаөзен қаласының оқушыларымен қатар, ҚМГ кәсіпорындары орналасқан Маңғыстау облысының өзге де аудандарының, атап айтқанда, Маңғыстау, Мұнайлы және Қарақия тұрғындары да еліміздің үздік білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндік алды. 

Дарынды балалар еліміздің үздік орта және арнаулы орта білім беру мекемелерінде политехникалық, көлік, экономикалық, технологиялық, гуманитарлық, спорт және басқа да мамандықтар бойынша білім алады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>