2023 жылы «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша мұнай экспортының көлемі 1 миллион 392 мың тоннаға дейін ұлғайды
12.01.2024
«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) 2023 жылдың 12 айында Ақтау портынан Қазақстан мұнайының 3 млн 376 мың тоннасын экспорттады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 миллион 108 мың тоннаға көп.
Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық. Теңіз кенішінен осы бағыт бойынша 1 миллион 057 мың тонна мұнай жөнелтілді.
Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 984 мың тонна мұнай жөнелтілді.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.