Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев компанияның 2022 жылғы қызметін қорытындылады

23.01.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 20 қаңтарда еншілес және тәуелді ұйымдардың басшыларымен кеңейтілген кеңес өткізді.

Іс-шара жаңа көшпелі кездесу форматында өтті. Кеңесте ҚМГ басшысы компанияның дамуы мен жаһандағы жаңа сын-қатерлер жағдайында негізгі басым бағыттарға тоқталды.

Сондай-ақ, кеңесте 2022 жылдың қорытындысы, өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге арналған жоспар талқыланып, еншілес ұйымдар басшыларының есептері тыңдалды.

Отырыс барысында М. Мырзағалиев бірқатар кен орнында жаңа мұнай шоғырларының табылғанын ескере отырып, мемлекет пен акционерлер алдындағы барлық міндеттемені уақтылы орындау үшін энергия ресурстарын өндіру қарқынын одан әрі арттыру маңызды екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда компанияның геологиялық барлау бойынша ұзақ мерзімді стратегиясы қалыптасқаны айтылды, сондай-ақ алдағы жоспар – органикалық және бейорганикалық өсім арқылы қорларды ұлғайту.

Осы мақсатта биыл:

— Әл-Фараби учаскесінде 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу;

— 2024 жылы Абай учаскесінде бұрғылауды бастау үшін дайындық жұмыстарын жүргізу;

— Қаратон-Сарықамыс, Торғай Палеозой учаскелерде бұрғылауды бастау;

— Қазақстандағы негізгі мұнай-газ бассейндерінің аумағындағы бес жаңа перспективалы өңірлік учаскелерде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобаны іске асыруды бастау тапсырылды.

«Өзенмұнайгаз» компаниясына Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту бойынша 2023 жылға жоспарланған жұмыстарды жеделдету тапсырылды.

Компания басшысы тасымалдау бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге сапары кезінде келісімге қол қойылған Abu Dhabi Ports Group-пен бірлескен жобаның маңызын атап өтті.

«Бұл — Каспий өңірінде ірі көлік-логистика хабын құру бойынша болашағы зор жоба», — делінген баяндамада.

Сонымен қатар, М. Мырзағалиев ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін барлық мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмыс істеуіне баса назар аударды.

Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі, атап айтқанда, Маңғыстау облысында жаңа су тұщыту зауытын салу және «Астрахань-Маңғыстау» магистральды су құбырын қайта жаңарту мәселелеріне жеке тоқталды.

«Компания жұмыс жүргізетін өңірлердегі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты — маңызды басымдықтардың бірі. Бұл тұрғыда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету — біздің тиімділігіміздің маңызды көрсеткіші бола алады. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы және оны уақытында орындау қажет», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» басшысы.

Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын дамыту мүмкіндіктері де сөз болды: «Бұл — ел экономикасына елеулі үлес қоса алатын, қызметіміздегі жаңа бағыт.   Полипропилен өндіретін газ-химия кешенін сәтті іске қостық. Ендігі кезекте полиэтилен шығаратын газ-химия кешенінің құрылысы тұр».

Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы экология және «жасыл жобаларды» іске асыру мәселелеріне де тоқталып, тұралап қалған мұнай қалдықтарын утилизациялау және 2030 жылға дейін газды факелде жағуды жою бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Маңғыстау облысында ENI-мен бірлесіп салынатын, қуаты 120 МВт гибридті станцияның (күн+жел) құрылысын уақтылы аяқтаудың аса маңызды екені де айтылды.

«Мұнай қалдықтарын рұқсатсыз жерлерге қасақана төккені белгілі болған барлық мердігерді қатаң жазалайтынымызға назар аударғым келеді», — деп түйіндеді М. Мырзағалиев.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>