Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесті

20.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Америка Құрама Штаттарына сапары барысында АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен келіссөз жүргізді.

Келіссөздер 19 қыркүйекте Нью-Йоркте (АҚШ) өтті.

М.Мырзағалиев мемлекеттік хатшының көмекшісі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің энергетикалық ресурстар бюросының халықаралық энергетикалық мәселелер жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі Джеффри Пайеттпен және мемлекеттік хатшының көмекшісі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының өкілі Дональд Лумен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасында энергетика және климаттың өзгеруімен күрес салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы үшін климаттың өзгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Біз 2031 жылға дейін парник газдары шығарындысын (2019 жылғы деңгейден) 15%-ға төмендету туралы міндеттеме алдық. АҚШ үкіметіне бұл мәселедегі сындарлы диалог пен энергетика саласында орнаған серіктестік үшін алғыс білдірем», - деді М.Мырзағалиев Нью-Йорктегі кездесу барысында.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>