Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қатар келген қос мереке

18.03.2017

Үстіміздегі жылдың 18 наурызында «ҚазМұнайГаз» ғимаратында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының құрылғанына 15 жыл толуы мен Наурыз мерекесінің құрметіне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Мерекелік шарада «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мұхамбетбайұлы Мыңбаев жиынға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы он бес жыл ішінде талай биіктерді бағындыра білді. Бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды. Сөйтіп біз Қазақстанның мұнайгаз әлеуетінің артуына үлкен үлес қостық. Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеміз. Біздің компанияның тарихы – біздің жеңістеріміздің жылнамасы. Біздің компанияның тарихы – Қазақстанның тұтас мұнай өнеркәсібінің бөлінбес бөлшегі.

Мұнай саласының қайта көтерілуіне тоқсаныншы жылдардың аяғы мен екі мыңыншы жылдардың басында «Мұнай және газ тасымалы» және «Қазақойл» компаниялары ерен үлес қосты. Осы екі компаниялардың активтерін біріктіру арқылы құрылған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың идеясы екенін Сауат Мыңбаев жиында ерекше атап өтті.

Компания басшысы 15 жылдығын атап өтіп отырған мұнай-газ кәсіпорнының қалыптасуы мен дамуына көп еңбек сіңірген, мұнай мұнараларының басында жаздың аптабы мен қыстың сары аязында төзімділікпен еңбек етіп жүрген майталман мұнайшы қауымына өз ризашылығы мен алғысын білдірді.

Салтанаты жиында «ҚМГ: Біз жүріп өткен жол» атты деректі фильм көрсетілді. Жиынға қатысушылар сондай-ақ еншілес және тәуелді кәсіпорындардың өнерпаздарының концертін тамашалады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>