Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2016 жылдың қаржылық нәтижелері

17.02.2017

. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың топтастырылған қаржылық есептілігін жариялады.

· 2016 жылы түсім 727 млрд. теңгені (2 128 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2015 жылдағыдан 37%-ға жоғары. Табыстың өсуі негізінен мұнай процессингі схемасына ауысуына және Брент бағасының 17%-ға төмендеуімен ішінара өтелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 54%-ға артуына байланысты болды.

· 2016 жылы таза пайда 132 млрд теңге (385 млн АҚШ доллары), ал операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 159 млрд. теңгені (466 млн АҚШ доллары) құрады.

· 2016 жылғы 31 желтоқсанда таза ақша қаражатының сомасы[2] 1 172 млрд теңгені (3,5 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасымен салыстырғанда, 79 млрд. теңгеге (295 млн АҚШ доллары) немесе 7%-ға артық.

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, 2016 жылы 12 155 мың тонна (тәулігіне 245 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 %-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 5 555 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 832 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, 2015 жылдағыдан 0,3 %-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі 8 387 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 1%-ға артық болды.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2016 жылы 3 768 мың тоннаны (тәулігіне 76 мың баррель) құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 6%-ға кем, бұл ең алдымен ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты болды.

Шикі мұнай жеткізілімдері және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2016 жылы 8 405 мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель) құрады, оның ішінде 4 946 мың тонна (тәулігіне 97 мың баррель) шикі мұнай экспортқа шығарылып, жалпы сату көлемінің 59 %-ын құрады; және 3 459 мың тонна (тәулігіне 68 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа жөнелтілді.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа сатқан 3 459 мың тонна (тәулігіне 68 мың баррель) мұнайдың 2 578 мың тоннасы (тәулігіне 51 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 881 мың тонна (тәулігіне 17 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

2016 жылдың бірінші тоқсанында, мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысуына дейін[3], ішкі нарыққа шикі мұнайды жеткізу 830 мың тоннаны құрады. 2016 жылдың қалған мерзімі ішінде бұдан әрі өңдеу үшін ішкі нарыққа 2 629 мың тонна мұнай жеткізілді. 2016 жылғы сәуір

- желтоқсанда мұнай процессингі схемасына сәйкес 2 324 мың тонна мұнай өнімдері сатылды.

ӨМГ және ЕМГ қорларынан ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2015 жылғы 33%-бен салыстырғанда, 2016 жылы 41%-ға дейін артты. Осыдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылы ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2,9 млн тоннаны (тәулігіне 57 мың баррель) немесе жалпы сату көлемінің 33%-ға жуығын құрайды деп жоспарланады.

ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі үлесі 3 676 мың тонна мұнайды (тәулігіне 75 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 832 мың тонна (тәулігіне 36 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 50%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 1 844 мың тонна (тәулігіне 39 мың баррель) мұнай сатылды.

Кезеңдегі таза пайда

2016 жылы таза пайда 2015 жылдағы 244 млрд. теңгемен (1 096 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 132 млрд теңгені (385 млн АҚШ доллары) құрады. Таза пайданың азаюы негізінен 2015 жылы 449 млрд. теңге (2 020 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі оң бағамдық айырмадан түскен кіріске байланысты болды. Бағамдық айырмадан түскен кірісті есепке алмағанда, таза пайда 2016 жылы негізінен түсімнің 37%-ға ұлғаюы және салық мәселелері бойынша оң шешімдерден туындаған салықтық есептеулердің азаюы есебінен қалыптасты.

Түсім

2016 жылы түсім 727 млрд. теңгені (2 128 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 37 %-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 54%-ға артуына және мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты, бұл Брент бағасының 17%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.

2016 жылдың сәуір-желтоқсан айларында мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім (процессинг және сатумен[4] байланысты барлық шығындарды шегергенде) АМӨЗ-ге мұнай тоннасы үшін 42 366 теңгені, ПМХЗ-ға мұнай тоннасы үшін 51 743 теңгені құрады.

Өндірістік шығындар

Өндірістік шығындар 2016 жылы 275 млрд теңгені (804 млн. АҚШ доллары) құрады, 2015 жылдағыдан 22%-ға жоғары. Бұл, ең алдымен, 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысуына байланысты мұнайды өңдеу шығыстарының 2016 жылғы сәуір-желтоқсанда 49 млрд теңге (142 млн АҚШ доллары) мөлшерінде өсуі, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсету шығыстарының және электр энергиясына жұмсалатын шығыстардың өсуі салдарынан болды, бұл 2016 жылдың төртінші тоқсанында экологиялық міндеттемелер мен активтерді шығару жөніндегі міндеттемелер бойынша бағалауды өзгерту және қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарын 1%-ға төмендету жолымен аз ғана өтелді.

Жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығыстар негізінен қабатты сумен жаруға жататын ұңғымалар санының көбеюі нәтижесінде артты. Электр энергиясына шығыстардың ұлғаюы негізінен электр энергиясын берушілер тарифтерінің өсуіне байланысты.

Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарын 1%-ға төмендету негізінен 2015 жылы ӨМГ мен ЕМГ-нің жер қойнауын пайдалануға келісімшарттардың мерзімдерін ұзарту салдарынан жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеге актуарлық міндеттемелерді есептеуді азайту нәтижесінде болды, бұл 2016 жылдың қаңтар айынан бастап өндірістік қызметкерлердің айлық жалақысын 7%-ға индексациялау нәтижесінде шығындардың өсуін ішінара өтеді.

Сату шығындары және әкімшілік шығындар

Сату шығындары және әкімшілік шығындар 2016 жылы 115 млрд теңгені (337 млн АҚШ доллары) құрады, 2015 жылдағыдан 3%-ға төмен, негізінен салықтық талап-арыздар бойынша айыппұл мен өсімпұлдардың есептеулерін қайта қарауға байланысты, бұл көлік шығындарының және «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ-мен («ҚМГ ӨМ») кепілдеме шарты бойынша шығындардың өсуімен ішінара өтелді.

Салықтық тексерулерге қатысты қосымша ақпарат төменде және Компанияның қаржылық есебіндегі ескертулерде көрсетілген.

Көлік шығындарының өсуіне теңгенің АҚШ долларына орташа айырбастау бағамының 54%-ға артуы басты себеп болды, өйткені Каспий Құбыржелісі Консорциумы (КҚК) маршруты бойынша тасымалдау тарифі негізінен АҚШ долларында деноминацияланған. Сондай-ақ, шығыстардың ұлғаюы ішкі нарыққа тарифтердің қымбаттауына да байланысты.

ҚМГ БӨ мен ҚМГ ӨМ арасындағы мұнай өнімдерін сату жөніндегі кепілдеме шартының шығындары 2016 жылғы сәуір-желтоқсанда 5,4 млрд теңгені (16 млн АҚШ долларын) құрады.

Табыс салығынан басқа салықтар

Табыс салығынан басқа салықтар 2016 жылы 145 млрд. теңгені (426 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20 %-ға төмен. Салықтардың төмендеуі ренталық салық пен пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) бойынша шығындардың азаюына байланысты, бұл экспорттық кедендік бажы (ЭКБ) шығындарының өсуімен ішінара өтелді.

ПҚӨС бойынша шығындардың азаюы Брент бағасының азаюына және Үкіметтің ӨМГ кен орындары үшін ПҚӨС ставкасын барлық 2016 жылға 9,0%-ға дейін төмендетуіне байланысты (2015 жылдағы 13,0%-бен салыстырғанда), бұл теңгенің АҚШ долларына орташа айырбастау бағамының өсуімен ішінара өтелді. 2016 жылғы төртінші тоқсанда ПҚӨС 2009-2012 жылдарға тексеру бойынша салық органдарының оң шешімі нәтижесінде 6,1 млрд теңгеге азайды, бұл да 2012 жыл үшін ПҚӨС бойынша есептеулерді 6,6 млрд теңгеге қайта қарауға әкелді.

2016 жылғы қыркүйекте ӨМГ кен орындары үшін ӨМГ кен орындары 2016 жылы салықтық есепке алу бойынша залалды мойындайды деген шартпен барлық 2016 жылға 9,0 % деңгейінде (2015 жылдағы 13,0 %-бен салыстырғанда) ПҚӨС-тің төмендетілген ставкасы белгіленді. Жыл қорытындысы бойынша ӨМГ үшін 2016 жылдың салық декларациясында салық салынатын залал күтілуде. Компанияның есептеулеріне сәйкес 2016 жылдағы ПҚӨС ставкасын азайтудың тиімділігі 15 млрд теңгеге тең.

Ренталық салық бойынша шығындардың кемуі негізінен Брент бағасының азаюы нәтижесінде салық ставкасының азаюына және ренталық салық базасының төмендеуіне байланысты. Бұдан басқа, Компания өткен жылдар үшін төленген салықтың қайтарылуы есебінен 2016 жылдың үшінші тоқсанында ренталық салық төлемдерін 6,3 млрд теңгеге және төртінші тоқсанында 5,4 млрд теңгеге төмендетті.

ЭКБ өсімі негізінен Компанияның 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысуы нәтижесінде шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорты көлемдерінің ұлғаюына, сондай-ақ теңгенің АҚШ доллары орташа айырбастау бағамының өсуіне байланысты болды. Бұл мұнайдың тоннасы үшін өткен жылдағы 66 АҚШ долларынан 2016 жылғы 39 АҚШ долларына дейін ЭКБ орташа ставкасының азаюымен ішінара өтелді.

2006-2008 жылдардағы салық тексерісі

Компания 2016 жылдың қаржылық есептілігінде 2006-2008 жылдарға салықтық талаптардың азайтылуын 7,7 млрд теңге мөлшерінде көрсетті. 2016 жылғы тамызда Жоғарғы Сот 2006-2008 жылдардағы салық тексерісіне байланысты салықтық талаптарды 4,1 млрд теңгеге азайтуға қаулы етті, оның ішінде 2,4 млрд теңге негізгі сома (табыс салығы) және 1,7 млрд теңге өсімпұл. 2016 жылғы қазанда Астана қ. әкімшілік соты Жоғарғы Соттың шешімі негізінде әкімшілік айыппұл сомасын 3,6 млрд теңгеге азайтуға қаулы етті.

2009-2012 жылдардағы салық тексерісі

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2009 – 2012 жылдардағы салық тексерісі бойынша Компанияның апелляциясын қарау нәтижелеріне сәйкес салықтық наразылықтардың бастапқы сомасы 25,0 млрд теңгеге 13,5 млрд теңгеге дейін азайды. Компания 2015 жылы осы салықтық наразылыққа қатысты 33,0 млрд теңге мөлшерінде қор құрды, сондықтан бұл шешім Компанияның 2016 жылдың қаржылық есебінде корпоративтік табыс салығын 1,1 млрд. теңге сомасына, үстеме табыс салығын 1,9 млрд теңге сомасына, осы жылғы пайдалы қазбалар өндіру салығын 6,1 млрд теңге сомасына және айыппұл мен өсімпұлдарды 9,6 млрд теңге сомасына азайту ретінде ескерілді, барлық сома 18,8 млрд теңгені құрады.

Қайтаруға жататын ҚҚС

Компания 2016 жылғы қазанда 57,4 млрд теңге (174 млн АҚШ доллары) мөлшерінде ҚҚС-ты қайтаруға өтініші бойынша оң шешімі нәтижесінде 24,6 млрд теңге (71 млн АҚШ доллары) алды. Осы өтініш 2012 – 2015 жылдар үшін ҚҚС-ты қайтаруға, оның ішінде 2012 жылы ӨМГ мен ЕМГ-нің құрылуына байланысты берілді. ҚМГ БӨ қалған соманы өндіріп алу үшін мүдделі тараптармен жұмыс жасауды жалғастыруға ниетті.

2015 жылғы 4-ші тоқсанда Компания кірістер мен залалдар туралы есепте 46,6 млрд теңге сомасына бағалау резервін құрды. Компания 2016 жылдың үшінші тоқсанында қаржылық есепте ҚҚС бойынша бұрын есептеген қордан 24,6 млрд теңгенің орнын толтырды.

Күрделі салымдар

Күрделі салымдар[5] 2016 жылы 115 млрд теңгені (337 млн АҚШ доллары) құрады, 2015 жылдағыдан 17 %-ға артық, бұл жоспарға сәйкес келеді. Күрделі салымдардың өсуі негізінен ЕМГ-да Прорва кен орны тобы үшін газды кешенді дайындау қондырғысын (ГКДҚ) салу жобасы бойынша шығындардың ұлғаюына және ЕМГ-де іздеу-барлау бұрғылауға күрделі салымдардың артуына байланысты, бұл ӨМГ-де эксплуатациялық бұрғылау құны мен көлемінің азаюымен және қызмет көрсетушілерден 15% мөлшерінде жеңілдік алумен ішінара өтелді.

Операциялық қызметтен ақша ағымдары

Операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 2016 жылы 2015 жылдағы 70 млрд теңге (316 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі таза ақша ағымдарымен салыстырғанда, 159 млрд теңгені (466 млн АҚШ доллары) құрады.

2016 жылғы шілдеде ҚМГ ӨМ 44 млрд теңге (129 млн АҚШ доллары) мөлшерінде мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешекті толық көлемде өтеді, бұл саудалық дебиторлық берешекті 2015 жылдың соңындағы 105 млрд теңгеден (311 млн АҚШ доллары) 2016 жылдың соңында 74 млрд теңгеге (222 млн АҚШ доллары) дейін азайтуға мумкіндік туғызды.

Таза ақша қаражаты

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы[6] 1 172 млрд теңгені (3,5 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1 093 млрд теңгемен (3,2 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда, 79 млрд теңгеге (295 млн АҚШ доллары) немесе 7%-ға жоғары. Ақша қаражаты мен қаржы активтерінің 97%-ы шетел валютасында (негізінен АҚШ долларында), 3% - теңгеде деноминацияланған.

Ақша қаражаты, қаржы және өзге активтер бойынша есептелген қаржылық кіріс 2016 жылы 2015 жылдағы 26 млрд теңгемен (117 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 30 млрд теңгені (88 млн АҚШ доллары) құрады.

Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес

2016 жылы қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден болған залал 2015 жылдағы 20,1 млрд теңге (90 млн АҚШ доллары) көлеміндегі залалмен салыстырғанда, 12,6 млрд. теңгені (37 млн. АҚШ доллары) құрады.

Қазгермұнай

ҚМГ БӨ 2016 жылы ҚГМ-дағы үлесінен түскен 4,3 млрд. теңге (13 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті өз есебінде көрсетті. Осы сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 50 % үлесін көрсетеді, бұл лицензияның әділ құнына амортизация әсерін және 4,2 млрд. теңге (12 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кейінге шегерілген тиісті салықты есептемегенде, 8,5 млрд теңгені (25 млн АҚШ доллары) құрайды

2016 жылы АҚШ долларындағы ҚГМ түсімі 2015 жылмен салыстырғанда 28%-ға кеміді, бұл негізінен Брент мұнайының орташа бағасының 17%-ға және ішкі нарыққа жеткізу бағасының құлдырауы, сондай-ақ сату көлемдерінің кемуі нәтижесінде болды.

ҚГМ 2016 жылы ҚГМ БӨ-ге дивиденд ретінде 80,5 млн АҚШ долларын төледі, соның ішінде 37,5 млн АҚШ доллары 2015 жыл үшін және 43,0 млн АҚШ доллары 2016 жыл үшін төленді.

ПетроҚазақстан Инк.

2016 жылы ҚМГ БӨ ПҚИ-ға қатысу үлесінен 15,3 млрд. теңге (45 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі шығынды есебінде көрсетті. Осы сома ПҚИ-дің таза шығынындағы Компанияның 4,2 млрд теңгені (12 млн АҚШ доллары) құрайтын 33 %-дық үлесін, сондай-ақ 11,1 млрд теңге (32 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі лицензиялардың әділ құнының амортизациясын көрсетеді.

АҚШ долларындағы ПҚИ компаниясының таза шығыны өткен жылдағы 194 млн АҚШ доллары көлеміндегі таза шығынмен салыстырғанда, 2016 жылы 38 млн АҚШ долларын құрады. Бұл негізінен Брент мұнайының орташа бағасының 17%-ға төмендеуі салдарынан түсімнің азаюын ішінара өтеген көлік және операциялық шығындардың азаюына, айыппұл мен өсімпұлдардың кемуіне, сондай-ақ мұнай өндірудің төмендеуі нәтижесіндегі сату көлемінің азаюына байланысты болды. Бұдан басқа 2016 жылдың төртінші тоқсанында ПҚИ 83 млн АҚШ доллары сомасына өзінің 100%-дық бөлімшесі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ активтерінің құнсыздануын мойындады.

CCEL

Компания 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша өзінің балансында 34,3 млрд теңге (103 млн. АҚШ долларын) сомасын CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2016 жылы ҚМГ БӨ 26,87 млн АҚШ доллары мөлшерінде ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басым кірістің бір бөлігін білдіретін 4,6 млрд. теңге (13,4 млн. АҚШ доллары) көлемінде пайыздық кірісті есептеді.

***

2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға арналған топтастырылған қаржылық есептілік, сондай-ақ қаржылық жағдайдың талдауы мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.

Қосымша

[1] Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы ескеріліп, жиынтық есептер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есептер үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша және жиынтық кезеңнің соңындағы бағам бойынша ауыстырылды (2016 жыл мен 2015 жылдағы орташа бағамдар, тиісінше 341,76 және 222,25 теңге/АҚШ долл. құрады, 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы және 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы кезең соңындағы бағам, тиісінше, 333,29 және 339,47 теңге/АҚШ долл.).

[2] Есептік кезеңнің соңындағы қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары мен өзге қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[3]Компания ішкі нарыққа жеткізілімдер жөніндегі міндеттерді орындау үшін 2016 жылдың сәуір айына дейін өндірілген шикі мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға («ҚМГ ӨМ») жеткізіп отырды. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Компания шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, мұнай өнімдерін сату жөніндегі агент ретінде жұмыс істейтін ҚМГ ӨМ арқылы өзі сата бастады.

[4] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнай тасымалдау бойынша шығындар есепке алынбады.

[5] 2013 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі құралдардан және материалдық емес активтерден түсім ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетіліп келген.

[6] Есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары мен өзге қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>