Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ-нің 2016 жылдағы операциялық нәтижелері

27.01.2017

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2016 жылдың операциялық нәтижелерін жариялайды.

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, 2016 жылы 12 154 мың тонна (тәулігіне 245 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2%-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 5 555 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылға қарағанда 1%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 832 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі 8 387 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдағыдан 1%-ға артық.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі үлесі 2016 жылы 3 767 мың тоннаны (тәулігіне 76 мың баррель) құрап, 2015 жылға қарағанда 6 %-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты болды.

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2016 жылы 8 405 мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель) құрады, оның ішінде 4 946 мың тонна (тәулігіне 97 мың баррель) шикі мұнай экспортқа шығарылып, жалпы сату көлемінің 59 %-ын құрады; және 3 459 мың тонна (тәулігіне 68 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа жөнелтілді. Бұдан басқа, мұнай өнімдерінің 4 мың тоннасы ішкі нарықта сатылды.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жөнелткен 3 459 мың тонна (тәулігіне 68 мың баррель) мұнайдың 2 578 мың тоннасы (тәулігіне 51 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 881 мың тоннасы (тәулігіне 17 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

2016 жылдың бірінші тоқсанында, мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысуына дейін[1], ішкі нарыққа жеткізілімдер 830 мың тонна мұнайды құрады. 2016 жылғы сәуір-желтоқсанда бұдан әрі өңдеу үшін ішкі нарыққа 2 629 мың тонна мұнай жеткізілді.

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2016 жылғы сәуір-желтоқсанда мұнай өнімдерін сату 2 324 мың тоннаны құрады. Мұнай өнімдерін сату көлемдері бойынша барынша нақты ақпарат төмендегі № 2-ші кестеде берілген.

ӨМГ және ЕМГ қорларынан ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2015 жылғы 33%-бен салыстырғанда, 2016 жылы 41%-ға артты. Осыдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылы ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2,9 млн тоннаны (тәулігіне 57 мың баррель) немесе жалпы сату көлемінің 33%-ға жуығын құрайды деп жоспарланады.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 3 676 мың тонна мұнайды (тәулігіне 75 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 832 мың тонна (тәулігіне 36 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 50%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 1 844 мың тонна (тәулігіне 39 мың баррель) мұнай сатылды.

Компанияның CCEL, ҚГМ және ПҚИ-дағы үлестерін қоса алғанда, 2016 жылы мұнай жеткізу құрылымы 2015 жылмен салыстырғанда мынадай болып өзгерді: жалпы өндіріс көлемінің экспортқа шығару үлесі 52%-дан 56%-ға дейін өсті, ішкі нарыққа жеткізу үлесі 40%-дан 44%-ға дейін артты және Ресейге (Үкіметаралық келісім) жеткізілім 8%-дан нөлге дейін азайды.

Қосымша

[1]Компания ішкі нарыққа жеткізілімдер жөніндегі міндеттерді орындау үшін 2016 жылдың сәуір айына дейін өндірілген шикі мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайгаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға («ҚМГ ӨМ») жеткізіп отырды. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Компания шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, мұнай өнімдерін сатылым жөніндегі агент ретінде жұмыс істейтін ҚМГ ӨМ арқылы өзі сата бастады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>