Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан 2017 жылы 12 млрд. текше метрден астам газ жеткізу туралы Ресеймен уағдаласты

24.01.2017

Астана қаласында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Газпром» ЖАҚ арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша 2017 жылы қазақстандық газ жеткізу көлемі келісілді, ол 12,8 млрд. текше метрден астамды құрайды.

«Газпром» ЖАҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ жыл сайын экспортталатын газ көлемін арттырып келеді. Отандық газ саласы үшін 12,8 млрд. текше метр көлемде газ экспорты туралы уағдаластық стратегиялық маңызды болып табылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы бұрын қол жеткізілген үкіметаралық келісімдерді іске асыру, сондай-ақ өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Газпром» ЖАҚ дәстүрлі бірлескен консультациялар жүргізеді және ұзақ мерзімді кезеңге ынтымақтастықтың негізгі ұстанымдарын айқындайды.

Бүгінгі күні газ бойынша Ұлттық оператор ретінде қызмет атқаратын ҚазТрансГаз тауарлық газға ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыруда және отандық газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға кұш салып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>