Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Баспасөз-релиз

15.12.2016

2016 жылғы 15 желтоқсанда Бухарест қаласында KMG International N.V. (бұрынғы Rompetrol) компаниясының базасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) мен қытайдың China CEFC Energy Company Limited ірі энергетикалық компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы жаңартылған келісімдер пакетіне қол қойылды.

ҚМГ мен CEFC тиісінше 51 пайызға 49 үлестік ара салмақпен жаңадан құрылатын БК-ге қатысады. Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде CEFC өзіне бірқатар міндеттемелер алып, оларға сәйкес Еуропа және Жібек жолы елдерінде инвестицияларды жүзеге асыратын болады және ҚМГ-мен бірлесіп, мұнай өңдеу және АЖҚС желілерін дамыту саласындағы жобаларды дамытатын болады.

Келісімдердің бастапқы пакетіне Астана қаласында 2016 жылғы 29 сәуірде қол қойылған болатын. Румыния аумағына тараптар арасында қайта туындаған заңдық міндеттемелерді реттеу мақсатында тараптарға келіссөздердің қосымша раунды қажет болды.

Румыния мен Еурокомиссияның уәкілетті органдарымен оны келісу, қаржы институттарымен қажетті растамаларды алу мәміленің соңғы сатысы болады. Осы рәсімдер 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп ұйғарылып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ҰК Басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевтың мәлімдеуінше, «CEFC компаниясымен ынтымақтастық ҚазМұнайГаз үшін KMG International базасында қытайлық инвесторлармен өзара қолайлы және ұзақ мерзімді әріптестік негізінде мұнай және мұнай өнімдерін өткізетін еуропалық нарыққа Қазақстан мен Қытайдың қатысуын кеңейту бойынша бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашады.

ҚМГ – Қазақстан Республикасының ұлттық мұнай-газ компаниясы – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін, көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық оператор. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы көмірсутектерін барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап мамандандырылған сервистік қызметтерді көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклды жүзеге асыратын, тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады.

CEFC компаниясы Қытайда неғұрлым серпінді дамып келе жатқан жеке компаниялардың бірі болып табылады. 2016 жылы ол 229-шы орынды ала отырып, Global Fortune 500 тізіміне енді. CEFC энергетика, қаржы және инвестиция салаларында өз қызметін жүзеге асырады.

KMG International N.V. – топ қызметінің негізгі мәні мұнай өңдеу, маркетинг және халықаралық нарықтарда трейдингтік операцияларды жүзеге асыру болып табылады. «Rompetrol» брендімен әрекет ететін топтың бөлшек сауда желісі Румынияда, Грузияда, Болгария мен Молдовада 1100-ден астам отын таратушы пункттерді қамтиды. Компанияның негізгі қызметі Қара теңіз өңірінде шоғырланған, онда компания мұнай өңдейтін екі зауытқа иелік етеді. Компания сондай-ақ, барлау жұмыстарын жүргізеді, EPC және бұрғылау ұңғымалары саласында өнеркәсіптік қызметтер көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>