Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиналыс

14.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында «ҚазМұнайГаз» АҚ-да салтанатты жиын өтіп, компаниялар тобы қызметкерлерін марапаттау рәсімі болды. «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті. Қатарында ҚМГ бизнес бағытының басшылары, «Үздік маман» және үздік инновациялық идеялар конкурсының жеңімпаздары, ҚМГ жастар ұйымдарының белсенділері бар озық қызметкерлерге «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, Қазақстан Республиксы Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына АҚ (ҰӘҚ) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрмет грамоталары және алғыс хаттары берілді.

ҚМГ басшысы салтанатты жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі. «Осы мереке күндері біздің жүрегімізді мақтаныш сезімі кернейді және Тәуелсіз Қазақстанның энергетикалық жүйесін құру бағытындағы үлкен де маңызды іске өзіміздің қатысымыз барын терең сезінеміз. Біз жас мемлекетімізбен бірге өсіп, дамып келеміз. Бүгінде ҚМГ компаниялар тобында 85 мыңнан астам жұмыс істейді. Олар табанды еңбегімен тәуелсіз Қазақстанның игілігін молайтып келе жатқан мұнайшылар мен газ өндірушілер, өңдеушілер мен барлаушылр, өзге де аралас кәсіп иелері. Ал еліміз әлемдік энергетика картасынан лайықты орнын алды» деді ол.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан мұнайы» көрмесі ұйымдастырылды. Оған мұнайгаз саласының және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының дамуына ерекше үлес қосқан мұнайшылардың, мұнайгаз саласында жүрген түрлі мамандық иелерінің портреттік суреттері қойылған. Көрме аясында «Мұнай майталмандары» атты фотоальбомның тұсауы кесілді. Келушілер назарына балаларға арналған «Баррелейдің басынан кешкендері» атты қазақ және орыс тілінде шығарылған қызықты кітап пен «Мұнай дәуірінің жылнамасы» атты деректі фильмдер циклі ұсынылды.

Мерекелік шара үлкен концертпен қорытындыланды. ҚМГ компаниялар тобы жастар ұйымдарының көркемөнерпаздары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тақырыбына арналған әдеби-сазды композиция қойды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>