Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы Бірегей кадрлық резерві «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма мүшелерімен кездесті

05.12.2016

2016 жылы 5 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының адам ресурстарын дамыту бағытындағы жоспарланған шаралары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының Бірегей кадрлық резерві мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы мүшелері арасында кездесу болып өтті.

Кездесуге 200-ден астам адам қатысты. Оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының басшылары, серіктес ұйымдар кадрлық қызметінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының бірегей кадрлық резервте тұрған қызметкерлері бар.

Жиналғандарды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев құттықтап, негізгі мамандарды ұстау үшін таланттардың басқару жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы және мамандар даярлауға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру туралы атап көрсетті.

«Экономикалық жағынан алып қарағанда, бұл неғұрлым тиімді стратегия, өйткені, резервті даярлауға кететін шығын сырттан кадр іздегеннен анағұрлым аз және бейімделу үрдісі жоғары. Резервте тұрған кадр әлеуметік аспектілерді былай қойғанда, біздің компаниялар тобын дамыту шарттарымен жақсы таныс. Компаниялар тобының барлығында да қызметкерлер ішкі карьерлік өсу жағдайын жақсы түсінуі керек және бұл мәселедегі пайымдаулардың әртүрлілігі барынша азайтылуы тиіс» деді ол.

Адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президент Серік Әбденов кадрлық резервтің үш деңгейін төменгі өндірістік буын мамандарынан бастап кәсіпорын резерві және орта буын басшылығы, топ-менеджмент деңгейін қамтитын таланттарды басқару жөніндегі «Жұлдызды Аспан» жүйесімен таныстырды.

«Осы үш деңгей «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша карьерлік өсу жүйесін айқындайды. Мәселен, кіші өндірістік қызметкерлер мен жоғары дамыған білікті кәсібилікті қамтамасыз ету бөлігінде Жедел кадрлық резерв («Ақ жұлдыз») қолданылады. Өндірістік тәжірибені дамыту және жеке іскерлік біліктілікті арттыру үшін Бірегей кадрлық резерв («Көк жұлдыз») пайдаланылады. Ал негізгі маңызды лауазымдық орындарға тағайындау Сабақтастық жоспарына сәйкес («Алтын жұлдыз») жүзеге асырылады» деді Серік Әбденов.

Бұл күні шараға қатысушылар арнайы ұйымдастырылған команда құрушы тренингке де қатысты.

Анықтама үшін:

Бірегей кадрлық резерв бағдарламасының негізгі мақсаты басшы кадрлар даярлау ісін мақсатты түрде ұдайы жүргізу болып табылады. Бұл басқару сабақтастығын қамтамасыз етеді және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында қызметкерлерге даму, карьерлік өсу мүмкіндігін береді.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>