Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ: Өзгерісті өзіңнен баста!

24.11.2016

24-25 қарашада Ақтөбе қаласында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы жастарының слеті болады. Бұл шараға ҚМГ серіктес және тәуелді компаниясынан жас жұмысшылар қатысады. Жастар слеті осымен үшінші рет өткізіліп отыр және ҚМГ жастар саясатын жүзеге асыру аясында ұлттық мұнайгаз холдингінің жақсы дәстүріне айналды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұйымдастырып отырған шараның негізгі міндеті жас жұмысшылар мен компания басшылығы арасында диалог қалыптастыру, ұлттық компанияны дамытудағы жастардың ролін күшейту бағытында жұмыс жасау, жастар бастамаларын жүзеге асыруға ықпал етіп, қолдау көрсету болып табылады.

Форум барысында кәсіби тұрғыда өзін өзі дамыту, карьерлік өсуді жоспарлау, өндірісте еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері, оқытудың дуальды жүйесін енгізу және басқа да мәселелер талқыланады.

Қатысушылар «Пікірталас клубы», «Өнертапқыштар клубы», «Брейн ринг зияткерлік ойыны», «Бабалар жүрген ізбенен» және «English club» жобалары сияқты жаңалықтарды енгізу тәжірибелерімен бөліседі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі вице- президенті Серік Әбденов слет делегаттарымен кездесу барысында өзгерістер әкелген Трансформациялық бағдарламалардың мәні туралы, сол сияқты адам ресурстарын басқару саласындағы одан әргі жоспарлар туралы әңгімелейді.

Жас мұнайшылар алдында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жастар кеңесінің төрағасы Саят Қайгелдинов сөз алып, ҚМГ ҰК жастар кеңесінің жұмыс қорытындыларын жасайды және одан арғы даму жолдары туралы айтады.

Панельдік сессиялардың бірінде ҚМГ компаниялар тобында оқытудың дуальды жүйесін енгізу жолымен жастарды даярлау мәселелері ортаға салынады. Тікелей жұмыс орнында оқыту бағдарламасы алдыңғы қатарлы, тиімді, әлемдік тәжірибеде дәлелденген бағдарлама болып табылады. Оқытудың осы жүйесін енгізу және оқу полигонын құру туралы өз тәжірибелерімен «Ембімұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС және Челябинск турбопрокат зауыты мамандары ой бөліседі.

Мұнайхимия зауытында оқытудың дуальды жүйесі 2013 жылы енгізілген. Осы уақыт ішінде онда 83 студент білім алып, оның 53-i жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда 50 адам өндіріс және оқу жүйесі бойынша оқып жұр.

«Ембімұнайгаз» АҚ дуальды оқыту жүйесін 2015 жылдан пайдалануда. Алғашқы кезеңде Атырау мұнай және газ институты мен «АРЕС Petrotechnic» 39 студенті (3 және 4 курс) қатысты. Студенттер «Ембімұнайгаз» АҚ вахталық жатақханасы базасында баспанамен қамтамасыз етілген.

Слет шеңберінде сонымен қатар ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық палатасы мен Неміс ісмерлік палатасы ұсынған өндіріс шеберлері мен тәлімгерлерін оқыту жобасы бойынша жұмыстар талқыланатын болады. 2016 жылдың ақпаны мен мамыр аралығындағы кезеңде «Ембімұнайгаз» АҚ 6 маманы тәлімгерлер үшін «Кәсіби және еңбек педогогикасы» тақырыбында үшмоделді оқудан өтті. Форумда олардың оқу нәтижелері айтылып, «Тәлімгер» мәртебесін беру туралы сертификаттар табысталады.

Слеттің бай бағдарламасы сонымен бірге Ақтөбе облысының Әкімі Бердібек Сапарбаевпен және республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен «галстуксіз кездесу» өткізуді жоспарлап отыр. Кездесудің қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобының жас мамандарына Ақтөбе облысы Әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алғыс хаттарын табыстау жоспарланып отыр.

Жастар форумы ақпараттық және интерактивтік пішінде өтетін болады және мұнайгаз саласын дамытудың жаңа векторлары мен жастардың біліктілігін арттыру жолдарын талқылау бойынша ҚМГ өкілдері мен жастар аудиториясының арасындағы ашық пікірталас алаңына айналады. Өз кезегінде ҚМГ компанияның ұйымдық дамуына, өндірістік көрсеткіштерді жақсартуға, инновация мен жаңа технологияны енгізуге жас қызметкерлер белсенді қатысатын болады деп күтеді.

Слет бағдарламасына сәйкес жас қызметкерлер ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ағаш отырғызу шарасына және бұқаралық дене шынықтыру флеш-мобына қатысатын болады. Екі күндік кездесу ҚМГ компаниялар тобының жас мамандары ұйымдастырған үлкен концерттік бағдарламамен аяқталатын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>