Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

09.11.2016

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлайды.

Барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесінен 3 тәулік бұрын, 2016 жылғы 9 қарашада аяқталды.

Күрделі жөндеу кезінде технологиялық жабдықтарға, құбыр желілеріне, өндірістік пештерге, сорапты-компрессорлық торапқа, кабель желілеріне, электр жабдықтарына, негізгі және қосалқы қондырғылардың бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық куәландырудан өткізілді.

Сондай-ақ, зауытты жаңғырту жобасын іске асыру бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу кезінде жаңа құбыр желілері мен жабдықтар монтаждалып, жаңа технологиялық желілер қолданыстағы қондырғыларға қосылып, жалғанды.

Зауытта алғашқы мұнай өңдеу қондырғысынан тауарлы өнім алу үшін оған шикізат беріліп, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қалған өндірістік қондырғыларды іске қосу және жұмыс режиміне шығару өндірістің технологиясына сәйкес жүргізілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>