Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы ҚМГ БӨ операциялық нәтижелері

25.10.2016

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2016 жылдың алғашқы тоғыз айының операциялық нәтижелерін жариялайды.

Өндіру

2016 жылдың алғашқы тоғыз айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есептегенде, ҚМГ БӨ 9 134 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4 181 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 122 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіру көлемі 6 303 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1% артық.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіруде ҚМГ БӨ үлесі 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 2 831 мың тоннаны (тәулігіне 77 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6% кем, және негізінен ПҚИ компаниясындағы мұнай өндіру көлемінің азаюына байланысты.

Шикі мұнай жеткізілімдері және мұнай өнімдерін сату

2016 жылдың алғашқы тоғыз айында ӨМГ және ЕМГ сатқан шикі мұнай 6 283 мың тоннаны (тәулігіне 166 мың баррель) құрады, оның ішінде 3 743 мың тонна (тәулігіне 99 мың баррель) шикі мұнай экспортқа, бұл жалпы сатылым көлемінің 60% құрайды; және 2 540 мың тонна (тәулігіне 67 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа. Бұдан басқа, 4 мың тонна мұнай өнімдері ішкі нарыққа сатылды.

2016 жылдың алғашқы тоғыз айында ӨМГ және ЕМГ-дан ішкі нарыққа жөнелтілген 2 540 мың тонна (тәулігіне 67 мың баррель) шикі мұнайдың 1 981 мың тоннасы (тәулігіне 52 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 559 мың тоннасы (тәулігіне 15 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

2016 жылдың бірінші тоқсанында, дербес мұнай процессингі[1] схемасына өткенге дейін, ішкі нарыққа жеткізілімдер 830 мың тонна мұнайды құрады. 2016 жылдың сәуір-қыркүйегінде ішкі нарыққа одан әрі өңделу үшін 1 710 мың тонна мұнай жеткізілді.

Дербес мұнай процессингі схемасына сәйкес 2016 жылдың сәуір-қыркүйек айларында мұнай өнімдерін сату 1 519 мың тонна мұнай өнімдерін құрады. Мұнай өнімдерін сату көлемі бойынша толық ақпарат төменде №2 кестеде берілген.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2 769 мың тонна мұнайды (тәулігіне 75 мың баррель) құрады, оның 1 416 мың тоннасы (тәулігіне 37 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің 51%-ын құрайды. Ішкі нарыққа сатылым 1 353 мың тоннаны (тәулігіне 38 мың баррель) құрады.

2016 жылдың алғашқы тоғыз айында мұнай жеткізілімдері төмендегідей өзгерді: жалпы өндіру көлеміндегі экспорт үлесі 50 %-дан 56 %-ға дейін, ішкі нарыққа жеткізулер 38%-дан 43 %-ға дейін өсті және Ресейге (Үкіметаралық келісім) жеткізулер 11%-дан нөл пайызға дейін қысқарды.

Қосымша

[1] 2016 жылдың сәуіріне дейін Компания ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемесін орындау үшін, өндірілген шикі мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг »АҚ-ына жеткізіп отырды. 2016 жылдың сәуірінен бастап Компания шикі мұнайды АМӨЗ және ПМХЗ өңдей және сату бойынша агент ретінде болып отырған ҚМГӨМ арқылы мұнай өнімдерін дербес сата бастады.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>