Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы арасында үздік мамандар анықталуда

03.10.2016

2016 жылдың 3 қазанында Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлері арасында «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік конкурсы басталды. Биыл бірінші рет бұл іс-шара ұлттық компания деңгейінде өткізіліп отыр. Бұдан басқа жылдары ол тек еншілес компанияларда ғана өткізілетін-тұғын.

Конкурсты өткізудегі басты мақсат – ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің қызметтік шеберлігі мен білім деңгейін арттыру және де ең үздік мамандарды тауып, ынталандыру, әрі корпоративтік рухты көтеру болып табылады.

Конкурс бірнеше сатыдан тұрады.

Бірінші саты еншілес ұйымдарда өткізілді.

Оған ҚМГ компаниялар тобының еншілес компанияларынан 36 мамандық түрін игерген үш мыңнан астам мұнайгаз қызметкерлері қатыстырылды.

«Үздік маман-2016» конкурсының екінші сатысында 20 мамандық түрін игерген 126 қызметкер өздерінің кәсіби шеберліктерін ұштады, олардың ішінде мынандай мамандық иелері бар; тауар операторы, химиялық талдау лаборанты, БӨҚжА слесары, электрогаз дәнекерлеушісі, электрожөндеуші, мұнай газ өндіруші оператор, қабат қысымын реттеуші оператор, ұңғыма зерттеуші оператор, технологиялық құралдарды жөндеуші слесарь, автомобильдік кран машинисі, автомобиль жүргізушісі, цементтеуші агрегаттың машинист-моторисі, токарь, ұңғыманы жер асты жөндеу бригадасы, ұңғыманы күрделі жөндеу бригадасы, бұрғылау бригадасы, технологиялық құрылымдар операторы, технологиялық сорғыш машинисі, технологиядық компрессорлар машинисі, химиялық талдау лаборанты және т.б.

Жарыс Маңғыстау және Атырау облыстарының алты өндірістік алаңында: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (Қаламқас), «ҚазТрансОйл» АҚ оқу-курс комбинатында (Ақтау қаласы), Атырау мұнай өңдеу зауытында (Атырау), «Oil Services Company» ЖШС (Жетібай кен орындарында), және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (Қаламқас кен орындарында) өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар екі турдан өтуі керек, біріншісінде конкурсанттардың теоретикалық дайындық деңгейі сыналса, екінші турда өз мамандықтары бойынша практикалық тапсырмалар орындаумен сыналмақ.

Қатысушыларға қойылатын теоретикалық сұрақтар мен практикалық тапсырмалар тізімі, әр мамандық бойынша өткізілу уақыты алдын ала жіберілді, сондай ақ олар «ҚазМұнайГаз» компаниясының веб-сайтында жарияланған болатын. Веб-сайттың «Үздік маман-2016» атты бөлімінде конкурстың бағдарламасымен және конкурс жаңалықтарымен танысып, сондай-ақ конкурста түсірілген фото-видеоларды тамашалауға болады. Конкурсанттардың практикалық тапсырмаларды орындауын дұрыс және әділ бағалау үшін ҚМГ еншілес ұйымдарынан әрбір мамандық бойынша сарапшы маман таңдалып шақырылды.

Ақтау қаласының Абай атындағы Мәдениет үйінде 7-ші қазан күні конкурстың ресми қорытындысы жарияланып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басшылығының қатысуымен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіледі. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үздік мамандарының жеңісін тамашалап, құттықтау үшін барлығыңыз қош келесіздер!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>