Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Бұрғылау мәселелері бойынша сарапшылар форумы Астанада өтеді

16.09.2016

16-17 қыркүйек күндері Астана қаласында мұнай ұңғымаларын бұрғылау жөнінде қазақстандық дөңгелек үстел (Kazakh Drilling Roundtable) өтеді.

Оның жұмысына аймақтық мұнайгаз компаниялары мен бұрғылау мердігерлерінің, бұрғылау жабдықтарын жеткізуші қазақстандық және халықаралық тапсырыс орындаушы ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысады.

Шараның негізгі мақсаты идеяларды ортаға салып талқылау және алмасу, іскерлік қатынастарды жақсарту, сондай-ақ, бұрғылау саласындағы үздік аймақтық тәжірибелер мен жобаларды зерделеу болып табылады.

Дөңгелек үстел барсында сарапшылар қаптал стволдар, көпстволдар, көпзабойлы ұңғылар құрылысы кезінде қолданылатын геонавигацияны, жаңа жабдықтар мен әдістерді, технологияны пайдалана отырып ұңғыларды аймақтық бұрғылау мәселесін және басқа да тақырыптарды талқылайды.

Қазақстандық және халықаралық ірі компаниялар басшылары мен өкілдері нақты бір компания мысалында түрлі технологиялардың қолданылуын тиянақты ашып, баяндама жасайды.

KDR бұрғылау және ұңғылар құрылысы саласындағы қазақстандық мұнайгаз форумы саналады. Бұл шараны өткізу қазақстандық бұрғылау индустриясымен танысуға, жаңа идеялар мен тәжірибелер алмасуға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен қызмет көрсету бағыттарымен танысуға жақсы мүмкіндік береді. 2016 жылы дөңгелек үстел екінші рет өткізіліп отыр.

Ұйымдастырушылар KDR саланы болашақта дамыту үшін бағдар беретініне, сондай-ақ, халықаралық компаниялардың қазақстандық мұнайгаз секторындағы негізгі ойыншылармен ұзақмерзімді іскерлік қатынастар орнататынына сенімді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>