Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасы ресми түрде жабылды

07.09.2016

Спорттық шараның жабылуы және жарыстарға қатысушыларды насихаттау салтанатты жағдайда жүргізілді.

«Сіздер баршаға үш күндік мереке сыйладыңыздар, сіздер «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің қандай болатынын көрсете білдіңіздер. Ең бастысы, ұжымдарды жақындастырып, қарым-қатынасын, байланысын нығайтсақ деген ниетіміз ақталды. Ойындар кезінде барлық спорт алаңдарында достық пен әріптестік рухы салтанат құрды» деп атап көрсетті ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті Серік Әбденов.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табыс етілді.

Айта кету керек, бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алғашқы Спартакиадасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мұнайгаз кешені қызметкерлері күні құрметіне арналды. Спорттық бәсекелерге «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 30 ұйымынан 500 спортшы қатысты.

Спортшылар үш күн бойы спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол, бильярд, жүгіру, аралас эстафета, үстел теннисі, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ сияқты 9 түрінен жарысқа түсті.

Спартакиада тартысты бәсекелер мен достық ахуалда өтті. Өйткені, мұндай шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, командалық рух пен қызметкерлердің ынтымағын нығайта түседі.

Салтанатты қорытындының соңында жарысқа қатысушыларды тағы бір жақсы жаңалық қуантты. Енді Спартакиада жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Ал бүгін «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының спорттық мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп сеніммен айтуға болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>