Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасының салтанатты ашылуы

04.09.2016

2016 жылғы 4-7 қыркүйек күндері Астана қаласының бес спорттық кешенінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне өткізілетін «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК компаниялар тобы Спартакиадасының финалдық кезеңі бәсекелері болады.

Спартакиада спорттың шағын футбол, баскетбол, жүгіру, үстел теннисі, бильярд, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ сияқты 9 түрі бойынша өтеді.

Спорт алаңдарына ҚМГ компаниялар тобының 30 ұйымынан 500-дей адам қатысады.

ҚМГ компаниялар тобының «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз»АҚ, «ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ сияқты ұйымдарында дербес спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен денешынықтыруға адамдарды тарту, серіктес ұйымдар қызметкерлері арасында коммуникациялық байланыс орнату мақсатында ҚМГ серіктес ұйымдардың қатысуымен екі кезеңді Спартакиада өткізуді қолға алды.

2016 жылы наурыздан шілдеге дейін ҚМГ-ның серіктес ұйымдары құрған 10 топта Спартакиаданың алғашқы кезеңі өтті. Оған ҚМГ барлау-өндірудің бизнес, мұнай тасымалы және газ маркетингі, өңдеу және мұнай маркетингі, мұнай сервисі, бұрғылау және сервистік жобалар бағытындағы 50-дей ұйымы, жалпы саны 2500 қызметкер қатысты.

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК президенті (Басқарма төрағасы) Сауат Мыңбаев жарысқа қатысушыларға арнаған сөзінде былай деп атап көрсетті:

«Спорттық шаралар «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өміріне баяғыдан берік орныққан.

Спортпен белсенді түрде айналысатын ҚМГ-ның жиырма мыңнан астам жұмысшысы арасында жоғары деңгейдегі спор шеберлері мен спорт шеберлігіне кандидаттар аз емес.

Көптеген серіктес компанияларда жыл сайынғы спартакиадалар өткізіліп жүр. Мұндай корпоративті шараларды қолдау - ҚМГ басшылығының принципті ұстанымы».

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК вице-президенті Серік Әбденов спортшыларға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс айтып, жеңісті жолдар тіледі.

«ҚМГ-ның бірінші Спартакиадасы біздің үлкен, даңқты ұжымымыздың бірлік рухын көтеретініне сенім мол», деді ол.

Спартакиада бағдарламасы мен спорттық бәсекелердің барлық түрі бойынша аралық нәтижелер онлайн режимі арқылы «ҚазМұнай Газ» АҚ ҰК» www.kmg.kz сайтында жарияланады, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ҚМГ парақшасы арқылы таратылады.

Спорттық сайыстар тартысты өтпекші. Біз спорт сүйер қауымды осы шараларға қатысуға және «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының бірлескен алғашқы Спартакиадасына қатысушыларды қолдауға шақырамыз.

#PHOTOBLOCK_817#

#VIDEOBLOCK_839#

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>