Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз»: өз спортшыларымызға жанкүйер боламыз

02.09.2016

2016 жылғы 4-7 қыркүйек күндері Астана қаласының бес спорттық кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне өткізілетін «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК компаниялар тобы Спартакиадасының финалдық кезең бәсекелері болады.

Спартакиада спорттың шағын футбол, баскетбол, жүгіру, үстел теннисі, бильярд, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ сияқты 9 түрі бойынша өтеді.

Спорт алаңдарына ҚМГ компаниялар тобының 30 ұйымынан 500-дей адам қатысады.

Спартакиаданың ашылу салтанаты 2016 жылы 4 қыркүйекте «Тарлан арена» спорт кешенінде (ІІМ жаны), Тәуелсіздік даңғылы 1 Б мекен жайында сағат 09:30-ға белгіленген.

Спартакиаданың толық бағдарламасы мен спорттық бәсекелердің барлық түрі бойынша аралық нәтижелерді онлайн режимінде «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК» сайтынан www.kmg.kz, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ҚМГ парақшасынан көріп, танысуға болады. Спорттық сайыстар тартысты өтпекші. Спортсүйер қауымды осы шараларға қатысуға және «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының бірлескен алғашқы Спартакиадасына қатысушыларды қолдауға шақырамыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>