ҚМГ ҰК 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс көрсеткіші
31.08.2016
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (одан әрі «ҚМГ ҰК», «Компания») 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді жариялайды.
Мұнай және газ конденсатын өндіру
ҚМГ компаниясы тобы бойынша 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мұнай мен газ конденсатын өндірудің жинақталған ауқымы 11 325 тонна болды, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайызға кем.
«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ 6 083 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға кем.
«Теңізшевройл» ЖШС ҚМГ үлесін (20%) есептегенде 2 878 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың осы кезеңіндегіден 2 пайызға көп.
«Маңғыстаумұнайгаз» ҚМГ үлесін (50%) есептегенде 1 564 мың тонна мұнай өндірді немесе 2015 жылдың алғашқы алты айындағыдан 1 пайыз көп.
«KMG Karachaganak» ЖШС 485 мың тонна мұнай өндірді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 10 пайызға кем, яғни, 2016 жылдың есепті кезеңінде жоспарлы-ескерту жұмыстарымен негізделген.
«Казахойл Ақтөбе» ҚМГ үлесімен (50%) 2016 жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес 196 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2015 жылғы қаңтар-маусым айларындағыдан 11 пайыз кем.
«Казахтуркмунай» ЖШС 110 мың тонна мұнай өндірді немесе 2015 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9% төмен. Бұл жерасты құрал-жабдықтарының жұмыс істемей қалғандығынан мұнай ұңғымаларының тоқтауына байланысты болып отыр. Қазір мұнай ұңғымаларын бұрынғы деңгейіне жеткізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«ҚазТрансГаз» АҚ 10 мың тонна өндірді немесе 2015 жылдың есепті кезеңіндегіден 17 пайыз артық. Амангелді кенішіндегі жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуі және Жарқұм кеніші бойынша мұнай өндіру көлемін үйлестіруге байланысты мұнай өндіру көлемі ұлғайды.
Газ өндіру
Табиғи және ілеспе газ өндірудің жиынтық көлемі 2 385 млн. м3 болды, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңіндегіден 3 пайыз төмен. Оның ішінде:
«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ («КазГПЗ» ЖШС) 154 млн. м3 газ өндірді. Бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайыз төмен. Оның себебі өндірудің табиғи көлемі кеніштің соңғы сатысы жобаланып жатқанына байланысты болды.
«Теңізшевройл» ЖШС ҚМГ үлесімен (20%) 898 млн. м3 газ өндірді.
«Маңғыстаумұнайгаз» ҚМГ үлесімен (50%) 107 млн. м3 газ өндірді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 6% көп. Яғни, ол «Қаламқас» ГТЭС пайдалануға берілуіне байланысты өз қажеттіліктері үшін тұтыну көлемінің артуына негізделген.
«KMG Karachaganak» ЖШС 830 млн. м3 газ өндірсе, бұл 2015 жылғыдан 9% аз. Мұндай ауытқушылық 2016 жылы жоспарлы алдын алу жұмыстарына байланысты болды.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС ҚМГ үлесімен (50%) 155 млн. м3 газ өндірді. Бұл ұңғылардан өндірілетін барлық өнім көлемінің азаюына байланысты 2015 жылғы осы кезеңдегіден 5% кем.
«Казахтуркмунай» ЖШС 80 млн. м3 газ өндірді. Бұл 2015 жылдың екінші тоқсанында Батыс Елемес-94 пайдалануға берілуіне байланысты 2015 жылға қарағанда 12% пайыз көп.
«ҚазТрансГаз» АҚ («Амангельдыгаз»ЖШС) 161 млн. м3 газ өндірді. Бұл 2105 жылдың осы кезеңіндегіден 10% артық. Оның себебі - Амангелді кеніші бойынша жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуі және Жарқұм кеніші бойынша газ өндіру көлемінің үйлестірілуі.
Мұнай және газ тасымалы
Магистральды мұнай құбырымен 2016 жылы қаңтар-маусым айларында 28 278 мың тонна мұнай тасымалданды. Әсіресе, «ҚазТрансОйл» АҚ неғұрлым көп мұнай тасымалдап, оның көлемі 21 923 мың тонна құрады. «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС арқылы 3 613 мың тонна, теңіз флоты арқылы 3 383 мың тонна мұнай тасымалданды.
Газқұбырлары арқылы есепті кезеңде 44 885 млн. м3 газ тасымалданды, оның ішінде халықаралық тасымал арқылы 30 330 млн. м3 газ жөнелтілді. Экспортқа шығарылған газ көлемі 6 301 млн. м3, ішкі тасымал бойынша 8 261 млн. м3 болды.
Өңдеу және маркетинг
2016 жылдың алғашқы алты айында 8 168 мың тонна шикізат өңделді, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты - 2 098 мың тонна, Павлодар мұнайхимия зауыты - 2 342 мың тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауыты ҚМГ үлесі бойынша (50%) 1 182 мың тонна, KazMunayGas Intrenational N.V. 2 468 мың тонна, Caspi Bitum ҚМГ үлесімен (50%) 78 мың тонна шикізат өңдеді.
Қазіргі таңда үш мұнай өңдеу зауытында жарақтандыру және қайта құру жобалары жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстары барлық зауытта кесте бойынша жүріп жатыр, жарақтандырудың бірінші кезеңі аяқталды, қажетті жабдықтар қайта құрылуы жүргізілуде, бірқатар жаңа қондырғылар пайдалануға берілді. Жарақтандыру бойынша жұмыстар 2017 жылы аяқталады деп күтілуде.
Үш мұнай өңдеу зауытының жарақтандырылуы мұнай өңдеудің жылдық көлемін 12,1 миллион тоннадан (Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Caspi Bitum-дегі ҚМГ үлесін (50пайыз) есепке ала отырып 2015 жылы іс жүзінде) 14,0 млн. тоннаға (Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Caspi Bitum-дегі ҚМГ үлесін (50пайыз) есепке ала отырып 2018 жылғы жоспар) дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мотор отындарының сапасы Кеден одағы талаптарына сәйкес экологиялық К4 және К5 кластарына сай болады.
Қаржылық көрсеткіштер
2016 жылдың бірінші жарты жылында негізгі жұмыстан түсетін кіріс 1 508 млрд. теңге1 (4,4 млрд. АҚШ доллары2) құрайды. Операциялық шығындар 2016 жылдың 6 айында 1 321 млрд. теңге (3,8 млрд. АҚШ доллары). Еншілес кәсіпорындардың үлесіне кіретін таза пайда 81 707 млн. теңге (239 млн. АҚШ доллары).
Салық және басқа да бюджеттік төлемдер, оның ішінде негізінен еншілес компаниялардан түсетіні 204 199 млн. теңге (590 млн. АҚШ доллары) құрайды. Бұл 2015 жылдың есепті кезеңіндегіден 2% аз.
2016 жылдың алғашқы алты айында күрделі шығындар 267 339 млн. теңге (772 млн. АҚШ доллары) құрады немесе 2015 жылдың есепті кезеңіндегіден 29% көп. Оның ішінде инвестициялық жобалар шығындары 176 574 млн. теңге (510 млн. АҚШ доллары) құрады, өндірістік активтерді қалыпты жұмыс жағдайында сақтауға 88 528 млн. теңге (255 млн. АҚШ доллары) жұмсалды және басқа да шығындар бар.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті (Басқарма төрағасы) С.М. Мыңбаев бірінші жартыжылдық ішіндегі ҚМГ ҰК нәтижелерін түсіндіре келе атап өтті:
«Бірінші жартыжылдықтың нәтижелері көрсеткендей, Компания ҚМГ ҰК дамыту Стратегиясына сәйкес 2016 жылға белгіленген жоспарларын орындап келеді. Біз операциялық тиімділікті одан әрі арттыратын мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Нақты айтқанда, барлау және өндіру саласында шығындарды азайту және өндірісті оңтайландыру жолымен тиімділікке жету. Қазіргі таңда ҚМГ ҰК еншілес және тәуелді компанияларында мұнай қайтарымын арттыру, жөндеу жұмыстары мерзімін көбейту және ұңғымалар жұмысын жақсарту бойынша «ҚазМұнайГаз» ӨжБТ» ҒЗИ ұсынысын енгізу процесі жүріп жатыр.
Ағымдағы нарық коньюнктурасы сақталып, ҒЗИ ұсынған өндірістік бағдарламалар тиімді жүзеге асырылған жағдайда біз тіпті пісіп-жетіліп әбден қалыптасқан активімізбен жыл қорытындысы бойынша оң нәтижелерге жететінімізге сенімдіміз».
1 Оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін жинақталған қаржылық есептілікте қызметін тоқтатқандар құрамында классификацияланған KMG International N.V.көрсеткіштері де негізгі қызмет пен операциялық шығындардан түсетін кіріске кіргізілді.
2 Тиісті кезеңге сәйкес орташа ауыстыру бағамы бойынша АҚШ долларына ауыстырылды (орташа бағам 2016 жылдың алты айы мен 2015 жылдың алты айында тиісінше 346,11 және 185,25 теңге/ АҚШ доллары болды).
Анықтама: «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор.ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.