Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Petromidia» МӨЗ-індегі өрт сөндірілді

24.08.2016

Тамыз айының 22 күні сағат 18:00-де KMG International-ға қарасты «Petromidia» МӨЗ алаңындағы ваккумды дистиллят қондырғысы маңайында оқыс оқиға болды.

Ваккумды дистиллят құбыры бойындағы ақауды жою үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде дистиллят төгіліп, артынша жана бастаған. Жөндеу жұмыстары белгіленген регламентке сәйкес құбырды залалсыздандыратын арнаулы қондырғыны пайдалана отырып жүргізілді.

«Петромидия» МӨЗ өрт сөндіру бригадасы Констанца уезінің Добруджа ТЖ жөніндегі инспекция отрядымен және Мидия-Нэводарь өрт сөндіру бөлімшесімен бірге 19:30 сағатта өртті ауыздықтады және толық сөндірді.

Оқыс оқиға кезінде Rominserv (100% KMG International-дың еншілес кәсіпорны) компаниясының 4 жұмысшысы зардап шекті, біреуі қайтыс болды. Жергілікті ауруханада медициналық көмек көрсетілген зардап шекккендердің жағдайлары қалыпты.

KMG International компаниясында мамандардың жедел тобы құрылды, оқыс оқиғаға душар еткен себептерді анықтау мақсатында ресми тексеру басталды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен KMG International компаниясы өкілдері зардап шеккен жұмысшыларға, олардың отбасыларына қажетті көмектің бәрін жасап, байланысып отыр.

Қазір қауіпті жағдай толық жойылды. Оқыс оқиға болған қондырғыдан басқа қондырғылардың барлығы азайтылған өткеру мүмкіндігімен қауіпсіздік жағдайында жұмыс істеп тұр.

Толық талдау жасағаннан кейін бүлінген жердің ауқымы мен материалдық шығынның көлемі бағаланады. «Rompetrol Rafinare» өкілдері төтенше жағдайды тексеріп жатқан білікті мемлекеттік органдарға барынша қолдау көрсетуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>