Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірістік активтерді белсенді операциялық басқару кезеңіне көшті

12.08.2016

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі компанияның жаңа ұйымдастырушылық құрылымын бекітті. Бұл Ұлттық компанияның жаңа операциялық модельге көшу жөніндегі Трансформациялау бағдарламасының логикалық кезеңі, осыған сәйкес ҚМГ портфельдік инвестор қағидасынан бас тартып, өндірістік активтерді белсенді операциялық басқаруға көшеді. Операциялық модель ҚМГ корпоративтік орталығының, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдарды тікелей басқару күшейетіндігін білдіреді.

2016 жылдың 12 тамызында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ында жаңа ұйымдық құрылымның таныстырылымына арналған ақпарат күні болып өтті. Шараға ұлттық компания мен оның еншілес кәсіпорындарының басшылары, ҚМГ Трансформациялау бойынша аға вице-президенті-«КМГ Глобал Солюшнс Б. В.» бас директоры Глеб Люксембург бастаған трансформациялау командасының өкілдері қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті (Басқарма төрағасы) Сауат Мыңбаев ҚМГ орталық аппаратының ұйымдастыру құрылымындағы бекітілген нұсқа аралық болып табылады және ол операциялық модель негізінде жасалғанын атап өтті. Атап айтқанда, қызмет бағыттары бойынша біріктірілген бизнес-бірліктер құрылған (мысалы, «Барлау», «Мұнай мен газ өндіру», «Технология», «Маркетинг пен өткізу» және басқалары) және жаңа басқарушы лауазымдар құрылды.

Тиісті тағайындаулар болды. Тасымал, өңдеу және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президент қызметіне Данияр Берлібаев тағайындалды. Газ тасымалы және маркетинг бойынша вице-президент қызметіне Қайрат Шәріпбаев тағайындалды. Аға вице-президент-қаржы директоры қызметіне Ардақ Қасымбек бекітілді. Трансформациялау бойынша аға вице-президент болып Глеб Люксембург тағайындалды.

Сонымен қатар, ҚМГ қызметінің түрлі бағыттары бойынша аға вице-президенттер, вице-президенттер және басқарушы директорлар тағайындалды. Тағайындалған басшылар 2016 жылдың соңына дейін трансформация жөніндегі «ҚМГ Глобал Солюшнс» командасының және консультанттардың қолдауымен егжей-тегжейлі мақсатты ұйымдастырылған құрылымды құрып, оған көшудің нақтылы жоспарын жасауға тиіс. ҚМГ мақсатты құрылымы әрбір бизнес-бірліктің және корпоративтік блоктың мамандандырылған қызметіне ресурстарды жұмылдыруға және нақты иерархия мен бағыныштылықты құрудың арқасында компанияның басқарушылығын арттырады.

«ҚазМұнайГаз» Басқармасының жаңа құрамы 2016 жылғы қыркүйекте бекітілетін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>