Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ 2016 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелері

11.08.2016

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2016 жылдың 30 маусымында аяқталған жарты жылдықтың қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есебін жария етті.

  • 2016 жылдың алғашқы алты айында табыс көлемі 313 млрд теңгені (907 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2015 жылдағы осы мерзімдегі көрсеткіштерге қарағанда 30%-ға жоғары. Табыс көлемінің артуы негізінен АҚШ долларына қарағандағы теңгенің орташа айырбас бағамының 86%-ға артуына және Брент бағасының 31%-ға төмендеуін өтеген мұнай процессингі схемасына ауысуға байланысты.
  • 2016 жылдың екінші тоқсанында мұнай өнімдерінің саудасынан түскен таза табыс көлемі (процессинг және саудалау кезінде кеткен шығындарды есептемегенде[2]) Атырау мұнай өңдеу зауытында («АМӨЗ») мұнайдың бір тоннасына 37 148 теңгені және Павлодар мұнай-химия зауытында («ПМХЗ») мұнайдың бір тоннасына 47 210 теңгені құрады.
  • 2016 жылдың алғашқы алты айында таза пайда көлемі 17,2 млрд теңгені (50 млн АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылдағы осы мерзімдегі көрсеткіш 2,9 млрд теңгеге (16 млн АҚШ доллары) тең болған. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы пайда көлемінің артуына негізінен АҚШ долларына қарағандағы теңгенің орташа айырбас бағамы 86%-ға өсуі салдарынан экспорттық табыстың артуы, 2016 жылдың сәуір айында мұнай процессингі схемасына ауысу, сонымен қатар 2016 жылдың 1 тоқсанында Бренттің орташа бағасы 40 АҚШ долларынан төмендеуі салдарынан рентті салыққа кететін шығындардың азаюы нәтижесінде Брент бағасының 31%-ға төмендеуін өтеген рент салығының ставкасы 0%-ке тең келуі себеп болды. Мұнайды дербес процессингтеу схемасына ауысу нәтижесі берген оңтайлы көрсеткіштерге ҚМГ ҰК қамтамасыз еткен мазуттың экспорттық салығының төмендеуі нәтижесінде қол жетті.
  • 2016 жылдың екінші тоқсанында түскен таза пайда көлемі 16,3 млрд теңгені (47 млн АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2016 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 0,9 млрд теңгеге (3 млн АҚШ доллары) шақ болды.
  • 2016 жылдың 30 маусымыда таза қаражаттың жалпы сомасы[3] 1 065 млрд теңгені (3,1 млрд АҚШ доллары) құрады. Бұл 2016 жылдың бірінші тоқсаны аяғындағы таза қаражат сомасына қарағанда 85 млн АҚШ долларына артық.

Өндірістік көрсеткіштер

«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, ҚМГ БӨ 2016 жылдың алғашқы алты айында 6 078 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың осындай кезеңіндегімен салыстырғанда 0,7%-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 779 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 407 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2% артық. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 186 мың тоннаны құрады (тәулігіне 169 мың баррель), бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2016 жылдың алғашқы алты айында 1 892 мың тоннаны (тәулігіне 77 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңіндегіден 6%-ға кем, ең алдымен, ПҚИ-дағы мұнай өндіру деңгейінің төмендеуіне байланысты.

Шикі мұнай жеткізілімі

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында ӨМГ және ЕМГ сауда көлемі 4 168 мың тонна шикі мұнайды құрады, оның ішінде экспортқа кететін 2 464 мың тонна (тәулігіне 98 мың баррель) шикі мұнай, бұл саудаланатын шикізаттың жалпы көлемінің 59% құрайды; және ішкі нарыққа арналған 1 704 мың тонна (тәулігіне 68 мың баррель) шикі мұнай. Оған қоса ішкі нарықта 3 мың тонна мұнай өнімдері саудаланды, олар 2016 жылдың сәуір айында Компания мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысқанға дейін қайта өңделген болатын.

ӨМГ бен ЕМГ-ға жеткізілген 1 704 мың тонна мұнайдың 1 280 мың тоннасы (тәулігіне 51 мың баррель) АМӨЗ-ге, ал 424 мың тоннасы (тәулігіне 17 мың тонна баррель) ПМХЗ-ға жеткізілді.

ҚМГ БӨ-ге қарасты CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сауда көлеміндегі үлесі экспортқа шығарылған 922 мың тонна (тәулігіне 36 мың баррель) мұнайды қоса алғанда, 1 875 мың тоннаны (тәулігіне 77 мың баррель) құрады, бұл компания жалпы сату көлемінің 49% құрайды. Ішкі нарықтағы сауда көлемі 953 мың тоннаны (тәулігіне 40 мың баррель) құрады.

Мерзім ішіндегі таза пайда

2016 жылдың алғашқы алты айында таза пайда көлемі 17,2 млрд теңгеге (50 млн АҚШ доллары) тең. Салыстыра келсек, 2015 жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіш 2,9 млрд теңгені (16 млн АҚШ доллары) құраған еді. Таза пайда көлемінің артуы негізінен АҚШ долларына қарағандағы теңгенің орташа айырбас бағамы 86%-ға өсуі салдарынан экспорттық табыстың артуы, Брент бағасының 31%-ға төмендеуін өтеген мұнай процессингі схемасына 2016 жылдың сәуір айында ауысуы себеп болды. 2016 жылдың екінші тоқсанында түскен таза пайда көлемі 16,3 млрд теңгені (47 млн АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2016 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 0,9 млрд теңгеге (3 млн АҚШ доллары) шақ болған еді.

2016 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдың ішінде Компания активтерін құнсыздандыруды қажет ететін жағдайлар болған жоқ.

Түсім

2016 жылдың алғашқы алты айындағы түсім көлемі 313 млрд теңгені (907 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерге қарағанада 30%-ға артық. Түсім көлемінің артуы негізінен АҚШ долларына қарағандағы теңгенің орташа айырбас бағамының 86%-ға артуына және Брент бағасының 31%-ға төмендеуін өтеген мұнай процессингі схемасына ауысуға байланысты.

2015 жылдың алғышқы жарты жылдығында ішкі нарықтағы сауда құны АМӨЗ-да тоннасына 22,4 мың теңге, ПМХЗ-да тоннасына 30,0 мың теңгені құрады. Көрсетілген бағаларды ҚМГ БӨ тәуелсіз директорлары құптамады. 2015 жылдың 4 тоқсанында 2015 жылы атқарылған ішкі нарықтағы жеткізілімдерге АМӨЗ мен ПМХЗ-да тоннасына 37 мың теңге деңгейінде бекіту туралы келісім жасалды, 4 тоқсандағы түсім оған сәйкестендірілді. Тиісті төлемдерді ҚМГ ҚМ 2016 жылдың шілдесінде орындады.

Мұнай өнімдерінің саудасынан түскен түсім

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың сәуір айынан бастап Компания мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысқан еді. Жаңа схемаға сай, ҚМГ БӨ мұнайды қайта өңдеу үшін оны АМӨЗ мен ПМХЗ-ға жеткізеді. Олардан шыққан мұнай өнімдері «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» («ҚМГ ҚӨМ») арқылы кепілдік келісімшартына сай одан әрі саудаланады. 2016 жылдың екінші тоқсанында мұнай өнімдерінің саудасы, мұнайдың дербес процессингі схемасына сай, 761 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.

Мұнай өнімдері саудасынан түскен таза кіріс көлемі (процессинг пен саудалауға қатысты кеткен шығындарды есептемегенде) 2016 жылдың екінші тоқсанында АМӨЗ-де бір тоннасына 37 148 теңге және ПМХЗ-да бір тоннасына 47 210 теңгені құрады. Салыстыра келсек, 2016 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа жеткізілген мұнайдың бір тоннасына АМӨЗ-де 14 603 теңге, ал ПМХЗ-да 27 563 теңгені құрады.

Өндірістік шығындар

2016 жылдың алғашқы алты айында өндірістік шығындар көлемі 123 млрд теңгені (357 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдағы осындай кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 13%-ға көп. Бұған негізінен 2016 жылдың сәуір айында мұнайды дербес процессингтеу схемасына ауысуға байланысты мұнайды қайта өңдеуге кеткен шығындардың артуы себеп болды. Артық шығындар 2015 жылдың осындай кезеғңндегі көрсеткіштерге қарағанда 2016 жылдың алғашқы алты айында жұмыскерлерге төленетін сыйақыға кететін шығын көлемінің 7% төмендеуі есебінен ішінара өтелді. Мұнайды қайта өңдеу тарифі АМӨЗ-де бір тоннасына 20 501 теңге болса, ПМХЗ-да бір тоннасына 14 895 теңгені құрады.

Жұмыскерлерге берілетін сыйақы көлемінің 7%-ға төмендеуі негізінен 2016 жылдың алғашқы алты айында жылдық сыйақының болмауы және ӨМГ бен ЕМГ-нің жер қойнауын пайдалануға берілетін келісімшарттардың мерзімі созылғандықтан 2015 жылдың бірінші тоқсанында актуарлық міндеттердің жалпы сомасы 4,9 млрд теңгеге артуы себеп болды, және олар 2016 жылдың қаңтар айынан бастап өндірістік жұмыскерлер жалақысының 7% индексациялануы нәтижесінде артқан шығындар есебінен ішінара өтелді.

Сауда шығындары және әкімшілік шығындар

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында сауда шығындары мен әкімшілік шығындар көлемі 62,6 млрд теңгені (181 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 16%-ға артық, оған негізінен көлік шығындарының өсуі себеп болды, және олар айыппұлдар мен өсімдердің азаюы есебінен ішінара өтелді.

Көлік шығындарының өсуіне негізінен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа айырбас бағамының 86%-ға артуы себеп болды, өйткені Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) арқылы тасымалдау тарифы негізінен АҚШ долларымен есептелген. Шығындардың артуы, сонымен қатар, ішкі нарықтағы тарифтердің 21%-ға өсуіне де байланысты болды.

ҚМГ БӨ мен ҚМГ ҚМ арасындағы кепілдік келісімшарты бойынша шығындар мұнай өнімдерінің саудасы үшін 1,8 млрд теңгені құрады. Компания болжамы бойынша, 2016 жылы ҚМГ ҚМ үшін кепілдік келісімшарт шығындары жылына 5,4 млрд теңге деңгейінде тұрады.

Алғашқы алты айда айыппұлдар мен өсімдер бойынша 1,3 млрд теңге көлемінде төлемдер жүргізілді, 2012-2016 жылдар аралығы бойынша өткізілуі мүмкін корпоративті кіріс салығы мен үстеме пайда салығы бойынша тексерістерге қатысты.

Кіріс салығынан өзге салықтар

2016 жылдың алғашқы алты айында кіріс салығынан өзге салықтар 79 млрд теңгені (230 млн АҚШ доллары) құрады, 2015 жылдағы осындай кезеңдегі көрсеткіштерге қарағанда 4%-ға кем. Салық көлемінің азаюы ренталық салық бойынша шығындардың кемуіне байланысты, бұл экспорттық кеден салығы (ЭКС) және пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) бойынша шығындардың артуы есебінен ішінара өтелді.

2016 жылдың алғашқы алты айында ренталдық салықтың азаюына 2016 жылдың алғашқы тоқсанында Брент бағасының орташа құны барреліне 40 АҚШ долларына төмендеуі себеп болды. Салдарынан ренталық салық ставкасы 0%-ды құрады.

ПҚӨС бойынша шығындардың артуы негізінен теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамының өсуіне байланысты, бұл Брент бағасының төмендеуі есебінен ішіара өтелді.

ЭКС ставкасының өсуі негізінен мұнай өнімдерінің эскпортына байланысты, 2016 жылдың сәуір айында Компанияның мұнайды дербес процессингтеу схемасына көшу нәтижесінде және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамының өсуіне байланысты, бұл ЭКС орташа ставкасының азаюы есебінен ішінара өтелді.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында ЭКС орташа ставкасы тоннасына 35 АҚШ долларын құрады. Салыстыра келсек, өткен жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіш орта есеппен тоннасына 72 АҚШ долларын құраған еді. Эскпортқа шығарылатын мазуттың ЭКС ставкасы тоннасына 30 АҚШ долларына тең келеді.

Операциялық қызметтен түскен қаржылық ағымдар

2016 жылдың алғашқы алты айында операциялық қызметтен түскен таза ақшалай ағымдар көлемі 4,4 млрд теңгені (13 млн АҚШ долларын) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылы осындай кезеңдегі таза ақшалай ағымдар көлемі 0,1 млрд теңгеге (0,6 млн АҚШ доллары) шақ болған.

Күрделі салымдар

2016 жылдың алғашқы алты айында күрделі салымдар көлемі[4] 51 млрд теңгені (148 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштерге қарағанда 8%-ға кем. Күрделі салымдардың азаюына қызмет көрсетуші тарапынан берілген 15% жеңілдік нәтижесінде ӨМГ-дегі эксплуатациялық бұрғылау бағасы мен көлемінің кемуі себеп болды. Бұл өндрісітік нысандардың құрылысы мен оларды модернизациялауға, ЕМГ-дегі эксплуатациялық және іздеу-барлау бойынша бұрғылау жұмыстарына арналған күрделі салымдардың өсуі есебінен ішінара өтелді. Компания жоспары бойынша, 2016 жылы күрделі салымдар көлемі 88 млрд теңге (246 млн АҚШ доллары[5]) деңгейінде тұрады.

Ақша қаражаттары мен займдар

2016 жылдың 30 маусымында ақша қаражаттары мен олардың баламаларының сомасы 380 млрд теңгені (1,1 млрд АҚШ долларын) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіштер 237 млрд теңгеге (0,7 АҚШ доллары) шақ болды. 2016 жылдың 30 маусымында өзге де қаржылық активтер сомасы 695 млрд теңгені (2,1 млрд АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылдың 31 желтоқсанында бұл көрсеткіштер 868 млрд теңгеге (2,6 млрд АҚШ доллары) шақ болған.

2016 жылдың 30 маусымында ақшалай қаражат пен қаржылық активтер 96% шетелдік валютаға деноминацияланды (негізінен АҚШ долларына), 4% - теңге күйінде. 2016 жылдың алғашқы алты айында ақшалай қаражат, қаржылық және өзге де активтер бойынша қаржылық пайда көлемі 14 млрд теңгені (41 млн АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында бұл көрсеткіш 12 млрд теңгеге (63 млн АҚШ доллары) шақ болды.

2016 жылдың 30 маусымында займ сомасы 10,7 млрд теңгені (31 млн АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылдың 31 желтоқсанында бұл көрсеткіш 11,6 млрд теңгеге (34 млн АҚШ доллары) шақ болды.

2016 жылдың 30 маусымында таза ақшалай қаражат сомасы[6] 1 065 млрд теңгені (3,1 млрд АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылдың 31 желтоқсанында бұл көрсеткіш 1 093 млрд теңгеге (3,2 млрд АҚШ доллары) шақ болды. 2016 жылдың 30 маусымындағы таза ақшалай қаражат сомасы 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы таза ақшалай қаражат көлемімен салыстырғанда 85 млн АҚШ долларға көп.

Егер ҚМГ ҚМ 2015 жылдағы ішкі нарықтағы жеткізулердің келісілген бағасы бойынша төлемді 2016 шілдесінде емес, есепті кезең аралығында өтегенде, 2016 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша таза ақшалай қаражат сомасы 44 млрд теңгеге (130 млн АҚШ доллары) артық болар еді.

Сауда және өзге де операциялар бойынша дебиторлық қарыздар

2015 жылдың 30 маусымында Компанияның дебиторлық қарыз көлемі117 млрд теңгені (346 млн АҚШ доллары) құрады. Оған «KazMunaiGaz Trading AG» бен ҚМГ ҚМ қарызы кіреді, екеуі де ҚМГ ҰК еншілес мекемесі, саудаланған шикі мұнай үшін және «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қарызы, ҚМГ ҚМ еншілес компаниясы саудаланған мұнай өнімдері үшін. ҚМГ ҚМ-тан түсетін дебиторлық қарыз көлеміне мерзімі өткен 44 млрд теңге (31 желтоқсан 2015: ноль) қаражаты кіреді. 2016 жылдың 5 шілдесінде ҚМГ ҚМ мерзімі өткен қарызын толығымен өтеді.

ҚҚС бойынша дебиторлық қарыздар

2016 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарсы соты 2012 жылы ӨМГ активтерінің сатылуына қатысы Компанияның ҚҚС бойынша 32 млрд теңгені қайтару жөніндегі талабын салық органдары орындауға міндетті емес екендігі жайлы шешім қабылдады. Бұл сома операциялық қызметтен төленетін болашақ ҚҚС-қа қатысты есептелетін болады. Компания 2015 жылы қайтарылатын ҚҚС-тың толық сомасына арналған қор жасақтады. Аталмыш талаптарға қатысты ҚҚС сомасы болашақта есепке алынған кезде олар пайда санатына жатқызылатын болады.

Қауымдастырылған компаниялар мен бірлескен мекемелер нәтижелеріндегі үлесі

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында қауымдастырылған және бірлескен мекемелеріндегі үлестен кеткен шығын көлемі 6,7 млрд теңгені (19 млн АҚШ доллары) құрады. Салыстыра келсек, 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында бұдан 1,9 млрд теңге (10 млн АҚШ доллары) көлемінде пайда түскен еді.

Қазгермұнай

ҚМГ БӨ 2016 жылдың алғашқы алты айында ҚГМ компаниясының қатысуындағы үлесінен 2,5 млрд теңге (7 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайданы есебіне енгізді. Бұл сома лицензиялардың әділ құнының амортизациясының ықпалын санамағанда және 4,6 млрд. теңге (13 млн АҚШ доллары) көлеміндегі шегерілген салықты санағанда 2,1 млрд теңгені құраған (6 млн АҚШ доллары) ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 50% үлесі.

2016 жылдың алғашқы алты айында ҚГМ таза пайдасы АҚШ долларымен есептегенде өткен жылмен салыстырғанда 66%-ға төмендеді, бұған Бренттің орташа бағасының 31% төмендеуі салдарынан кірістің азаюы және мұнай өндірісі көлемінің азаюы нәтижесінде сауда көлемінің кемуі себеп болды.

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында ҚГМ 28 млн АҚШ доллары көлемінде 2015 жыл үшін ҚМГ БӨ дивиденді түрінде төледі, олар 2015 жылы аударылған. Оған қоса, 2015 жыл үшін есептелген дивиденд түріндегі 10 млн АҚШ доллары 2016 жылдың шілде айында аударылған.

ПетроҚазахстан Инк.

2016 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ ПҚИ-дағы тиесілі үлесінен 8,4 млрд теңге (24 млн АҚШ доллары) көлемінде шығындалды. Бұл сомаға Компанияның ПҚИ-дың таза шығынындағы 33% мөлшеріндегі үлес көлемі кіреді, және ол 2,9 млрд теңгені (8 млн АҚШ доллары) құрайды, сонымен қатар оған 5,6 млрд теңге (16 млн АҚШ доллары) көлеміндегі лицензияның әділ құнын амортизациялау кіреді.

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы ПҚИ-дың АҚШ долларымен есептегендегі таза шығын көлемі 25 млн АҚШ долларына тең болды. Салыстыра келсек, өткен жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 36 млн АҚШ доллары болды. Бұған негізінен Бренттің орташа бағасының 31%-ға төмендеуі салдарынан кірістің азаюы және мұнай өндірісінің кемуі нәтижесінде сауда көлемінің кемуі себеп болды.

CCEL

Компания 2016 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша өзінің балансында 32,5 млрд теңгені (96 млн АҚШ доллары) CITIC Resourses Holdings Limited атты Қытай компаниясымен бірлесіп бақылайтын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында ҚМГ БӨ 26,87 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басымдықты кіріске қатысты, 2,2 млрд теңге мөлшеріндегі (6,5 млн АҚШ доллары) пайыздық кірісті есептеді.

***

2016 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдағы қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есеппен, сонымен қатар қаржылық жағдай сараптамасымен, қаржылық-экономикалық қызмет нәтижелерімен Компания веб-сайтынан таныса аласыздар (www.kmgep.kz).

Қосымша

[1] Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін аударылған. Жиынтық кірістер туралы шоғырландырылған есеп пен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есеп үшін және мерзім аяғындағы айырбас бағамы бойынша қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы (2016 жылдың алғашқы жарты жылдығы және 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығы бойынша орташа бағамдар тиісінше 345,35 және 1185,22 теңге/ АҚШ долл.; 2016 жылдың 30 маусымындағы және 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы орташа бағамдар тиісінше 338,66 және 339,47 теңге/ АҚШ долларын құрады).

[2] Мұнайдың өз бағасы мен мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына дейін жеткізуге қатысты кеткен шығындарды есептемегенде.

[3] Есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша займдар сомасын алып тастағандағы ақша қаражаттары, олардың баламалары мен басқа да қаржы активтері ретінде есептелінеді.

[4] Компания күрделі салымдарды есептеу әдісін қайта қарады. 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтердің түсімі болып көрсетілген. Бұған дейін олар қаржы ағымдары есебіне сәйкес негізгі қаражат пен материалдық емес активтерді сатып алу болып көрсетілген болатын.

[5] Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін бюджеттік 360 теңге/АҚШ доллары бағам бойынша аударылған.

[6] Есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша займдар сомасын алып тастағандағы ақша қаражаттары, олардың баламалары мен басқа да қаржы активтері ретінде есептелінеді.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд астам АҚШ долларын тартты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>